28 Қараша, 08:11
RAST.kz
USD USD 458.13 ₸
EUR EUR 502.29 ₸
RUB RUB 5.58 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Халыққа жақын» жобасы: Қызылордада тұрғындармен кездесулер өтіп жатыр

27 Қараша 2026 16:29
- Әлеумет, Жаңалықтар
«Халыққа жақын» жобасы: Қызылордада тұрғындармен кездесулер өтіп жатыр
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 27 қараша. Қызылорда облысында Қазақстан Халық Кеңесінің бастамасы – «Халыққа жақын» республикалық жобасы аясында Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарында тұрғындармен кездесулер және жеке қабылдаулар ұйымдастырылды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Жобаның негізгі мақсаты – халықпен тікелей байланыс орнату, азаматтардың ұсыныс-пікірлері мен өзекті мәселелерін тыңдау, оларды шешу жолдарын тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп қарастыру.

Қабылдауға Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, республикалық мобильді топ өкілдері,30-дан астам  орталық мемлекеттік органдар мен салалық мекемелердің жауапты мамандары қатысты.

Халық Кеңесінің мүшелері еңбек ардагерлерімен, зиялы қауым өкілдерімен және тұрғындарымен кездесті. Онда Президент реформаларын жүзеге асырудағы қоғамның рөлі, халықпен байланыстың жаңа форматтары талқыланды. Жаңа консультативтік органның қызметі, негізгі міндеттері мен өкілеттіктері туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ тұрғындармен ашық пікір алмасып, олардың ұсыныстары мен өтініштерін тыңдады.

Кездесулерде «Таза Қазақстан» бастамасын ілгерілету, «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыру, жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыру және Президенттің биылғы Жолдауында белгіленген міндеттер, соның ішінде «Халықтық құрылыс» жалпыұлттық жобасы кеңінен талқыланды.

Тұрғындардың сауалдарына қатысты жауапты сала мамандары түсіндірме берді. Қосымша зерделеуді қажет ететін ұсыныстар тиісті уәкілетті органдарға жолдау және бақылауға алу үшін тіркелді.

Қабылдау барысында ауыл тұрғындарына жылжымалы медициналық кешеннің қызметі де ұсынылды. Заманауи диагностикалық құралдармен жабдықталған кешенде дәрігерлер кеңес беріп, УДЗ, ЭКГ және өзге де скринингтік тексерулер жүргізілді.

«Халыққа жақын» жобасы – көтерілген мәселелердің шешілуіне ықпал ететін маңызды бастама. Мұндай кездесулер халық пен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайтып, тұрғындардың көкейіндегі мәселелерді тікелей талқылауға мүмкіндік береді.

Таңбалар: кездесулерҚызылордаХалық Кеңесі

Ұқсас мақалалар

Қызылордада Қазақстан Халық Кеңесі «Халыққа жақын» жобасын бастады
Әлеумет

Қызылордада Қазақстан Халық Кеңесі «Халыққа жақын» жобасын бастады

25.11.2026
Қызылорда: облыс әкімі қала тұрғындары үшін жеке қабылдау өткізді
Аймақ

Қызылорда: облыс әкімі қала тұрғындары үшін жеке қабылдау өткізді

23.11.2026
Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысындағы сайлауға дайындық барысымен танысты
Жаңалықтар

Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысындағы сайлауға дайындық барысымен танысты

19.11.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылорда: облыс әкімі қала тұрғындары үшін жеке қабылдау өткізді

    Қызылорда: облыс әкімі қала тұрғындары үшін жеке қабылдау өткізді

  • Қызылордада Қазақстан Халық Кеңесі «Халыққа жақын» жобасын бастады

  • «Халыққа жақын» жобасы: Қызылордада тұрғындармен кездесулер өтіп жатыр

  • Никол Пашинян ФСБ-дан Армения шекарасынан кетуді сұрады

  • Польша НАТО-ға Украина үстіндегі РФ зымырандарды атып түсіруді бастауды ұсынды

  • Эстония ешкімнің өз жерін өзге елге шабуыл жасау үшін пайдалануына жол бермейді

  • Швейцария Каримова шығарған $200 млн-нан аса қаржыны Өзбекстанға қайтарады

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.13 ₸
EUR EUR 502.29 ₸
RUB RUB 5.58 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist