9 Шілде, 10:07
RAST.kz
USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Түркиялық әнші Абайдың әніне клип түсірді (видео)

26 Наурыз 2020 11:49
- Жаңалықтар, Руханият
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ЫСТАНБҰЛ. 26 наурыз. Түркияның әнші қызы Айбен Ерсой Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін шырқап, оны клипке түсіртті. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.

«Қазақ халқының ұлы ақыны Абайдың 175 жылдық мерейтойын Қазақстанмен бірге бауырлас елдер де атап өтуде», – деп жазады агенттік. Жаңа клип соның аясында түсірілген.

[tie_full_img][/tie_full_img]

«Биылғы маусым айында Қазақстан астанасында қазақ достарымыздың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығы құрметіне фестиваль ұйымдастыру жоспарланған еді. Шарт бойынша, әрбір елден келген қатысушылар ұлы ақынның бір әнін шырқауы керек еді. Біз де Абайдың «Көзімнің қарасы» атты туындысын заманауи аранжировкада әзірледік. Өткен аптада Ыстанбұлдың ең көрікті жерлерінің бірі – «Сұлтан Ахмет» мешіті маңында клип түсірдік. Өкінішке қарай, қауіпті вирустың таралуына байланысты бұл жоба тоқтатылды. Алайда біз бастаған ісімізді аяқтап, туындыны сіздермен бөлісуді жөн көрдік», – деп жазды түркиялық әнші Instagram-дағы парақшасында.

Сонымен бірге, әнші «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында қазақ әнімен қалай танысқанын айтып берді.

«Қазақстанға түрлі жобалар бойынша бірнеше рет барғанмын. Qazaqstan арнасы өткізген «Silk Way Star» байқауының қазылар алқасына мүше болдым. Бұл керемет жоба болды. Онда тек камера алдында ғана емес, сахна сыртында да бауырларыммен ұмытылмас сәттер өткіздім. Сол кездері қазақ музыкасын естіп, біздің халық әндерімен ұқсас екенін аңғардым. Қазақ музыкасымен танысқан күні екі халыққа да осы сезімді жеткізіп, ертеден ұлан-ғайыр аумақта тамырымыздың ортақ болғанын еске салғым келді. «Көзімнің қарасы» да алғаш естіген сәтте-ақ жүрегіме жетті. Бастапқыда сөздерді түсінбесем де, әннің не туралы екенін сезінгендеймін. Сондықтан мен үшін Абайдың осы әнінің орны бөлек», – деді А. Ерсой.

[tie_full_img][/tie_full_img]

 

Қазір Айбен ханым Қазақстан сынды өзге де бауырлас халықтардың ұлттық әндерімен танысуға мүмкіндік беретін жобаларды жоспарлап жүр.

«Біздің әлем айналамыздағы нәрсені тез өзгертіп жатқанына қарамастан, біздің ішімізде өте құнды негіз бар. Біз – күн сайын өзімізді жаңа деңгейге көтеретіп, үздіксіз дамитын жаратылыспыз және күн сайын өзімізді жаңа қырымыздан танимыз. Жаңа бағытқа ұмтыла отырып, біз Абай сияқты құнды негіздерді болашаққа жеткізуіміз керек. Абай сынды тұлғалар әлемді жақсылыққа бастау үшін туады. Әлемдегі бейбітшілік пен махаббат үшін ұлы ақынның мерейтойымен құттықтаймын», – деді Айбен Ерсой.

Таңбалар: көзімнің қарасы

Ұқсас мақалалар

Мақала жоқ
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

    Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

  • БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗБАСАРЫ

  • НОҒАЙ АРУЫ

  • Украина Ярославльдегі МӨЗ-ге және Петербург порттарына шабуыл жасады

  • Соғыстағы стратегиялық сауаттылық сапаға соқпақ салады

  • Қадыровтың кісі өлімін әкелген апатқа кінәлі ұлы жол полициясынан медаль алды

  • Еркін форматтағы жүздесуде жастар саясатының басыңқы бағыттары талқыланды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist