6 Қыркүйек, 08:09
RAST.kz
USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Түрікменстан орыс тілінен біржола құтылғалы жатыр

21 Қыркүйек 2020 15:33
- Жаңалықтар, Қайнар
Түрікменстан орыс тілінен біржола құтылғалы жатыр
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АШХАБАД. 21 қыркүйек. Түрікменстан орыс тілімен біржола қоштасудың әрекеттерін жасап жатыр. Бұл туралы түрікменнің «Гундогар» сайты хабарлады.

«Алдымен орыс сыныптарын жабу, сосын орыс тілін қолдануға тыйым салу ахуалы посткеңестік кеңістікте бірінші рет пайда болып отырған жоқ. Мұндай жолдан Грузия мен Украина өтті, ол Ресейден қашықтай беруге бағытталды», – делінген хабарда.

Енді Түрікменстан билігі орыс тілінде білім беруді жояды. Елде 2030 жылға дейін түрікмен мектептерінде бірде-бір орыс сыныптары қалмауы тиіс. «Азатлык» радиосы осылай деп жазды. Басқа ақпарларға қарағанда, бұл үдеріс тіпті 2025 жылы аяқталатын түрі бар. Ал орыс сыныптарын жабу процесі күтпеген жерден, оқушылар мен ата-аналарға ескертілместен басталып кетті.

Осыған байланысты санкциясыз митинг өткізген ата-аналарға мұның мектеп басшылығының коронавирус тарауына қарсы күресу мақсатында қабылдаған шешімі деп түсіндірілді. Бірақ түрікмен билігі елде ковид бар екенін әлі күнге дейін мойындап отырған жоқ.

Бір айта кетерлігі, елдегі орыс сыныптарында тек славян нәсілдестердің ұрпақтары ғана емес, сонымен бірге түрікмен балалары да көптеп оқиды. Түрікменстанда орыс мектебінде оқығылары келетіндер үшін жылда орын жетпей жатады. Қазірге кезде орыс сыныптарында 45-50 оқушыдан бар. Бірақ осындай сыныптардың өзіне түсу үшін ата-аналарға 400-ден 2000 долларға дейін пара беруге тура келеді. Тап осылай пара беріп қойған, бірақ білім деңгейі әлдеқайда төмен түрікмен сыныптарына ауыстырып жіберілген балалардың ата-аналары мына жағдайға қаттырақ наразылық білдіруде.

Ресей сыртқы істер министрлігі 15 қыркүйек күні орыс сыныптарын жабуға байланысты оқиғаларға түсіндірме сұрап, Түрікменстан сыртқы істер министрлігіне нота жолдады. Онда 2002 жылғы 23 сәуірде қол қойылған Ресей Федерациясы мен Түрікменстан арасындағы достық және ынтымақтастық жөніндегі келісімде Түрікменстанда – орыс, ал РФ-да түрікмен тілдерін үйретуді ынталандыру мәселесі қарастырылғаны айтылған. Енді неге бұлайша сол келісім аяқ астынан бұзылып жатыр?

Алайда, Түрікменстан сыртқы істер министрлігі бұл сұрақты жауапсыз қалдырды.

 

 

Таңбалар: орыс сыныптарыТүрікменстан

Ұқсас мақалалар

Түрікменстан Ресейдің газын Қытайға құбырмен айдаудан бас тартты
Дәулет

Түрікменстан Ресейдің газын Қытайға құбырмен айдаудан бас тартты

13.08.2023
Жаңадан құрылған «Аркадаг» клубына құраманың 17 ойыншысы алынды
Жаңалықтар

Жаңадан құрылған «Аркадаг» клубына құраманың 17 ойыншысы алынды

04.06.2023
Маусым айында Түрікменстаннан 490 қазақ ата жұртқа оралады
Аймақ

Маусым айында Түрікменстаннан 490 қазақ ата жұртқа оралады

16.05.2022
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

    «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

  • Тілге тірелген түйсіктер тіні

  • Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сапасын мемлекеттік орган тексереді

  • Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

  • Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

  • Белгілі журналист, ақын Жоламан Бошалақ өмірден өтті

  • Ағат пікірге – адаспас ақиқат

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist