9 Шілде, 11:07
RAST.kz
USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Таразда алғашқы оңалту орталығы ашылды (фото)

21 Тамыз 2020 10:15
- Аймақ, Жаңалықтар
Таразда алғашқы оңалту орталығы ашылды (фото)
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ТАРАЗ. 21 тамыз. Кеше Жамбыл облысының орталығында COVID-19 сырқатынан емделушілерге арналған алғашқы оңалту орталығы ашылды. Бұл туралы облыстық әкімдік баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлады.

«Бейсенбі, 20 тамыз күні Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев орталықты аралап, медициналық-оңалту көмегінің ұйымдастырылу жағдайымен, жабдықтармен танысып, ем алушылармен және медициналық қызметкерлермен кездесті», – делінген хабарламада.

-«Орталық әртүрлі деңгейдегі ауруға шалдыққан науқастар үшін әрқашан ашық. Тәулік бойы ем алатындарға 120 орын дайындалған десек, бұдан басқа біз адамдарды амбулаториялық және күндізгі стационарға қабылдай аламыз. Біздің мекемеде облыс орталығының және аудан тұрғындары да оңалтудан өте алады», – деді оңалту орталығының бас дәрігері Динара Кәрібаева.

Аймақ басшысы өңірдің әр түкпірінен келетін пациенттер үшін 120 төсектің қаншалықты жеткілікті екендігін сұрады. Медицина қызметкерлері қолда бар төсек-орынның жеткілікті деп сендірді, өйткені ауыр жағдайдағы аурулардан басқа, 200-ден астам адам орталықтың қызметін амбулаториялық негізде пайдалана алады.

Орталық қажетті жабдықтармен жабдықталған. Мұнда Қазақстан мен Литвада кәсіби даярлықтан өткен білікті дәрігерлер жұмыс істейді. Барлығы жаңа орталықта 75 маман жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар, жұмысқа оннан астам тар бейінді мамандар тартылды, себебі COVID-19 полиоргандық ауру болып табылады.

Коронавируспен ауырған көптеген науқастарда әлсіздік, өкпенің зақымдалуына байланысты тыныс алудың қиыңдауы байқалады, бұл дене тіндерінде оттегі алмасуының бұзылуына әкеледі. Қалпына келтіру әртүрлі жолдармен жүреді.

«Медициналық оңалтудың міндеті – физиотерапия, емдік дене-шынықтыру және басқалары сияқты дәстүрлі және альтернативті медицина көмегімен дененің бұзылған функциялары мен науқастың денсаулық жағдайын барынша қалпына келтіру. Мамандар тыныс алу жүйесін қалпына келтіру, ағзаның күйзеліске орнықтылығы, науқастардағы стрессті, мазасыздықты немесе депрессияны жеңу бағытында жұмыста жүргізуде», – деді денсаулық сақтау басқарма басшысының міндетін атқарушы Хамит Мырзақасымов.

Алғашқы жұмыс күнінде-ақ орталық COVID-19-мен күресте зардап шеккен 30-дан астам медицина қызметкерлерін қабылдады.

Бердібек Сапарбаев пациенттердің денсаулығының қорытынды жағдайына айырша назар аударды.

-«Жағдайды  бақылауда ұстап, ем алушылардың көңіл-күйі мен иммунитетінің жақсарғанын қадағалап отыруы керек. Ең бастысы – сапалы нәтижеге қол жеткізу», – деді Бердібек Машбекұлы.

Орталықта қолданылатын физиотерапиялық емдеудің түрлі әдістерінің көмегімен құрысулар жойылып, ісіну азаяды, тіндердегі қабыну және аутоиммунды реакциялар төмендейді, адгезиялардың алдын алады.

Облыс әкімі алдағы күндері оңалтудан өтуге ниеттілердің саны артатындығын, ең алдымен ауыр жағдайдағы науқастарға, дертен айыққан медицина қызметкерлері мен қосымша қауіпті аурулары бар адамдарға көмек көрсету керектігін айтып өтті.

Бердібек Сапарбаев орталықтағы ем алушылармен әңгімелесіп, сауықтырудан өтіп жатқан медицина қызметкерлеріне жанқиярлық жұмыстары үшін алғысын білдірді. Оларға мықты денсаулық және қатарға тез оралуларын тіледі.

Таңбалар: Бердібек Сапарбаев

Ұқсас мақалалар

ТОЛҚЫНДА ТУҒАН ТҰЛҒА
Таным

ТОЛҚЫНДА ТУҒАН ТҰЛҒА

10.06.2024
Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаев өмірден өтті
Әлеумет

Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаев өмірден өтті

10.06.2023
Таразда Жамбылдың 175 жылдығын тойлау шаралары басталды
Аймақ

Таразда Жамбылдың 175 жылдығын тойлау шаралары басталды

27.02.2021
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

    Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

  • БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗБАСАРЫ

  • НОҒАЙ АРУЫ

  • Соғыстағы стратегиялық сауаттылық сапаға соқпақ салады

  • Украина Ярославльдегі МӨЗ-ге және Петербург порттарына шабуыл жасады

  • Қадыровтың кісі өлімін әкелген апатқа кінәлі ұлы жол полициясынан медаль алды

  • Еркін форматтағы жүздесуде жастар саясатының басыңқы бағыттары талқыланды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist