25 Тамыз, 23:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Сырдария арнасындағы су тапшылығы жайы талқыланды

22 Мамыр 2021 23:09
- Аймақ, Жаңалықтар
Сырдария арнасындағы су тапшылығы жайы талқыланды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 22 мамыр. Бүгін Қызылорда облыстық әкімдігінде Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязовтың қатысуымен су тапшылығы жағдайында егістікті сумен қамтамасыз ету мәселесіне арналған селекторлық мәжіліс өтті. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасы баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлады.

Жиында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Сырдарияның төменгі ағысында вегетациялық кезең күрделі су тапшылығы жағдайында өтіп жатқанын, әсіресе, күріш егу және оны суға бастыру жағдайы аса қиын жағдайда екенін айтты.

«Бүгінде Сырдария өзенінің ағысын реттейтін Нарын-Сырдария су қоймаларындағы су көлемі өткен жылдан 2 млрд.текше метрге кем. Қазіргі таңда Шардара су қоймасына түсіп жатқан судың көлемі егіншілерімізді алаңдатып отыр. Биылғы жылы облыс бойынша 188,2 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарланса, оның ішінде күріш егісінің көлемі өткен жылдан 5,1 мың гектарға қысқартылып, 84,4 мың гектарға егу межеленді. Дегенмен, күріш егу және оны суға бастыру жағдайы аса күрделі болып отыр. Атап айтқанда, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда күріш егу 5,1 мың гектарға және суға бастыру 7,4 мың гектарға кем келе жатыр. Су тапшылығы жағдайының алдын алу үшін, Су ресурстары комитеті мен Қызылорда облысы әкімдігінің вегетациялық кезеңде су тапшылығының алдын алу бойынша атқарылатын бірлескен іс шаралар жоспарын бекіттік. Сонымен бірге, каналдар арқылы су алу режимдерінің кестеге сай орындалуына мониторинг жүргізетін жұмысшы тобы құрылып, жұмыс жүргізілуде», – деді облыс әкімі.

Вице-министр Серік Қожаниязов Сырдария өзенінің суын молайту мақсатында халықаралық келісім-шарттардың жасалып жатқанын жеткізді. Мәселен, өзендегі судың аз болуына байланысты Қырғызстанға Өзбекстанмен бірлесіп тауар алмасу ретінде алдын ала электр энергиясын жөнелтілуде. Мамыр айының соңына дейін еліміз Қырғызстанға 370 млн кв сағат, ал Өзбекстан 250 млн кв сағат электр энергиясын беруді жоспарлаған. Электр қуатын қырғыз елі тамыз айында қайтарып, оған қоса жаз айларындағы су аса қажет кезеңде 370 млн текше метр су жібереді.

«Сырдария өзені «Тоқтағұл» су қоймасында жиналған су көлеміне тікелей тәуелді. Аталған қоймада жылына 15 млрд. текше метр су жиналу керек болса, биылғы жылы онда судың көлемі 7-8 млрд қана. Сол себепті, қазіргі таңда Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан мемлекеттері де су тапшылығынан қиналуда. Қырғызстанда суармалы жерлер аз, алайда олар электр энергиясын өндіреді. Биылғы су тапшылығы олардың электр энергиясын жеткілікті деңгейде өндіруіне мүмкіндік бермеуде. Сондықтан олармен айырбас негізінде мол су алуды көздеп отырмыз», – деді вице-министр.

Сондай-ақ, Қазақстан мен Өзбекстан тарапы Тәжікстан шекарасында орналасқан Қайраққұм су қоймасының жөндеу жұмыстарына да қол ұшын созады. Тәжікстан 2008 жылға дейін су ағынын реттеуде Қазақстан және Өзбекстанмен бірлесіп жұмыс істеп келген. Екі ел де Сырдария суын жинауға қаржылай және техникалық көмек көрсеткен. Қайраққұм су қоймасы Тәжікстанның Соғды облысы мен Өзбекстанның Ферғана облысының шекарасында орналасқан. Ол – Тәжікстандағы ең ірі су қоймаларының бірі. Қайраққұм су қоймасы Сырдария өзенінің ағысын реттеу үшін салынған. Оның құрамына су бөгетінен өзге су электрстанциясы кіреді. «Қайраққұмға» суды толтыру Кеңес Одағы тұсында, 1950 жылы басталған.

Жиында Арал-Сырдария бассейіндік инспекциясының басшысы Сейілбек Нұрымбетов пен «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда филиалының директоры Хамит Биімбетов су тапшылығына байланысты биылғы жылы Қызылорда қаласы және әрбір аудан бойынша егілетін күріш дақылының ротациясын сақтауды бақылауға алғандарын айтады. Аудан әкімдерімен, шаруашылық құрылымдарымен келісе отырып, магистралды және шаруашылықаралық каналдарды кезектестіріп су беру кестесін әзірлеген. Шаруашылық құрылымдары ішкі каналдар мен қашыртқы жүйелерін тазартуына бақылау жасап, су беру маусымы кезеңінде суды үнемді пайдалану мақсатында қашыртқыларға артық су ағызбауды қадағалау жүргізіп келеді. Елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында 45 шақырым болатын 8 каналға су шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен қаржы бөлініп жұмыстар атқарылуда. Сонымен бірге, облыстық бюджеттен елді мекендерге 43 дана насос қондырғылары сатып алу белгіленіп, соның бүгінгі күнге 8-і жеткізілген.

Селекторлық мәжілісте облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Айнұр Тілеулеева су тапшылығына байланысты егін шаруашылығын әртараптандыру жұмысы қолға алынғандығын жеткізді.

«Суармалы суды үнемді пайдалану үшін биылғы жылы күріш егісіне вегетация мерзімі кеш және орта сорттардың орнына, жергілікті селекцияның ерте мерзімде пісетін сорттарды орналастыруды ұсынылып, егу жұмыстары атқарылуда. Күріш егісін тұрақтандыра отырып, егін шаруашылығын одан әрі әртараптандыру бойынша өткен жылмен салыстырғанда күріштің көлемі 5,1 мың гектарға дейін қысқартылып, оның орнына суды аз қажет ететін әртараптандыру дақылдарына басымдылық берілді. Қалыптасқан жағдайды алдын ала ескеріп, осы бағытта су үнемдеу технологияларына, жемшөптік дақылдармен қатар, қазіргі таңда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін майлы және картоп, көкөніс, бақша дақылдарының егісін ұлғайту қолға алынды», – деді облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары.

Жиын соңында шаруашылық басшылары пікірлер айтып, суды үнемдеу бағытында атқарып жатқан жұмыстарын баяндалды. Аймақ басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінен вегетациялық кезеңінде жоғарыдан Шардара су қоймасына 2,7 млрд текше метр су көлемі түсуін қамтамасыз ету жөнінде ұсыныс білдірді.

Таңбалар: күріш егісіҚызылордасу тапшылығыСырдария

Ұқсас мақалалар

Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды
Жаңалықтар

Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

24.08.2026
Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды
Жаңалықтар

Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

24.08.2026
Қызылордада «Мерейлі отбасы» байқауының қорытындысы өзінің мәресіне жетті
Әлеумет

Қызылордада «Мерейлі отбасы» байқауының қорытындысы өзінің мәресіне жетті

22.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist