25 Тамыз, 01:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Сыр бойы теміржолшыларына лайықты құрмет көрсетілді

31 Шілде 2026 18:07
- Аймақ, Жаңалықтар
Сыр бойы теміржолшыларына лайықты құрмет көрсетілді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 31 шілде. Қызылорда қаласындағы Н.Бекежанов атындағы драма театрда Теміржол көлігі қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Жиынға Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев қатысып, сала ардагерлері мен қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. Ол өз сөзінде Мемлекет басшысының көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларына тоқталып, теміржол саласының ел экономикасындағы стратегиялық маңызын атап өтті.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жол – тіршілік көзі. Теміржол болмаса, экономика дамымайды. Біз көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуға ерекше мән береміз» деп, саланы өркендетуді стратегиялық басымдық ретінде айқындаған болатын. Бүгінде елімізде мыңдаған шақырым жаңа теміржол желілері салынып, өткізу мүмкіндігі артып келеді. Сыр бойындағы болат жолдың тарихы тереңде жатыр. Бүгінде облыстың теміржол кешені заман талабына сай жаңарып келеді. Станциялар мен жол бойындағы нысандар автоматтандырылып, цифрлық жүйеге көшуде. 2024 жылы 600 млн теңгеден астам қаржыға Қызылорда теміржол вокзалы ғимараты күрделі жөнделіп, іргелес аумағы абаттандырылды», – деді аймақ басшысы.

Қазіргі таңда Президент тапсырмасына сәйкес, республика бойынша 124 теміржол вокзалы қайта жаңғыртудан өтуде. Соның ішінде Қызылорда облысында сондай 10 жоба қолға алынды. Осының нәтижесінде жақында ғана Қазалы, Шиелі, Жаңақорған, Сексеуіл теміржол вокзалдары мен Талап бекетіндегі жолаушылар платформасы жаңғыртылып, халық игілігіне берілді. Ал Арал, Төретам, Жосалы теміржол вокзалдарындағы, Тереңөзек және Жалағаш қызмет көрсету пункттеріндегі жұмыс кезең-кезеңімен аяқталып келеді. Жалпы, биыл Сыр бойында 80 шақырымнан астам теміржолға күрделі жөндеу жүргізілуде.

«Теміржол – ең алдымен, жоғары жауапкершілік пен темірдей тәртіпті талап ететін сала. Жаздың ыстығы мен қыстың аязына қарамастан, болат жолдың бойында үздіксіз қызмет етіп жүрген әрбір қызметкердің еңбегі зор құрметке лайық. Сіздерге барша Сыр жұртшылығының атынан шынайы алғысымды білдіремін. Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, жауапты да мәртебелі жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Салтанатты шарада теміржол саласының бірқатар қызметкері облыс әкімінің Алғыс хатымен, «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, Көлік министрлігінің «Құрметті теміржолшы», «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Адал еңбегі үшін», «Кәсібі бойынша үздік», «Үздік жас маман», «Үздік жол шебері», «Үздік байланысшы» төсбелгілерімен, Құрмет грамотасымен және III дәрежелі «Теміржолшы даңқы» медалімен марапатталды.

Жиында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі филиалының директоры Батырхан Базарбаев сөз сөйлеп, әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтады.

Қазіргі таңда өңірдің теміржол саласында 7 мыңнан астам маман еңбек етеді. Облыс арқылы өтетін жүк пен жолаушылар легі, Сыр өңірінің транзиттік әлеуеті жыл сайын артуда.

Аймақтан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізімен қатар, ұзындығы мың шақырымнан асатын магистральдық теміржол желілері өтеді, 15 жолаушылар пойызы қатынайды. Жыл басынан бері 550 мыңнан астам жолаушы тасымалданып, 9 миллион тоннадан астам жүк жеткізілді.

Биыл мамыр айында жылына 600-ден астам вагонға техникалық қызмет көрсететін «Марал Нұр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жаңа кешені пайдалануға беріліп, 100 жаңа жұмыс орны ашылды.

Бұдан бөлек, Қытайдың «CRRC» компаниясымен бірлесіп, заманауи жолаушылар вагондарын құрастыру жобасын іске асыру жұмыстары пысықталып жатыр.

Таңбалар: Қызылордамерекетеміржол

Ұқсас мақалалар

Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды
Жаңалықтар

Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

24.08.2026
Қызылордада «Мерейлі отбасы» байқауының қорытындысы өзінің мәресіне жетті
Әлеумет

Қызылордада «Мерейлі отбасы» байқауының қорытындысы өзінің мәресіне жетті

22.08.2026
Қызылордада үй кезегінде тұрған 90 отбасыға жаңа пәтерлер берілді
Аймақ

Қызылордада үй кезегінде тұрған 90 отбасыға жаңа пәтерлер берілді

22.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist