24 Тамыз, 08:08
RAST.kz
USD USD 456.88 ₸
EUR EUR 534.64 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Сүйер ұлың болса сүй, сүйінерге жарар ол»

ТҰЖЫРЫМДЫ ТОЛҒАМ

2 Тамыз 2026 19:56
- Көзқарас
«Сүйер ұлың болса сүй, сүйінерге жарар ол»
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Қайсы бір күні Астанада жүргенімді пайдаланып, Үкімет басшысының бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың қабылдауында болдым. Бұған дейін де жолыққанмын. Алды кең басшы ғой, жұмысы қауырт, кестесінің тығыздығына қарамастан, біршама уақытын бөліп, екеуміз біраз мәселелер бойынша пікір алмасып үлгердік. Соның ішінде өзім туып-өскен Шиелі ауданындағы аралары жиі қоныстанған  Балаби, Бәйгеқұм,Тартоғай, Майлытоғай, Сұлутөбе, М.Шоқай, Бірлестік ауылдарын табиғи газға қосу жұмыстары тым кешеуілдеп бара жатқанын сөз еттім.

Сонда Нұрекең жоғары мемлекеттік қызметінің алғашқы дербес баспалдағы осы Шиелі ауданының әкімі лауызымынан басталғанын айта келіп: «Аға, сіз айтып отырған елді мекендерге биыл қаржы бөлдік, жетпей жатқан қаржыларды да қарастырамыз, келер жылы осы ауылдарға толық табиға газ жеткізетін боламыз, Мемлекет басшысының да ұстанымы – мүмкіндік болғанынша ауылдық елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз етуді жылдам іске асыру. Өзіңіз айтқан ауылдардағы халыққа осы сәлемімді жеткізерсіз» деді.

Арасында облыс әкімі Мұрат Ергешбаевпен телефон арқылы сөйлесіп, осы ауылдарға жүргізілетін газ құрылысына байланысты не жасалып жатқанын да сұрап алды. Міне, азаматтылық! Әдетте Нұрекең уәде берсе орындалады.

Ол қабылдау барысында Қызылорда қаласындағы Сырдария өзеніне салынатын екінші көпір құрылысының биыл басталатынын, сонымен бірге Қызылорда мен Ақтөбе арасындағы автотрассаны төрт жолақты табанға айналдыру екі жылдың ішінде жүзеге асатынын жеткізді. Одан басқа, еліміз үшін алдағы жылдары ояға келтірілетін ауқымды жобалар туралы ақпарат берді. Президентіміз айтқандай, Қазақстанның барлық өңірлері құрылыс алаңына айналуда. Жаратқан иеміз берекесін берсін дейік.

Енді екі ауыз сөзбен Нұрлыбек бауырымыз туралы айта кетсем, мен оны ширек ғасырдан астам уақыттан бері жақсы білемін. Нұрекең Қызылорда облысын басқарған төрт жылдың ішінде өңіріміз, оның ішінде Қызылорда қаласы адам танымастай түрленіп, жаңарды. Дарияның сол жағалауына сәулеті келіскен жаңа қала салынды. Осы төрт жыл ішінде өңірде 200-ден астам әлеуметтік нысандар іске қосылды. Шыны керек, тәуелсіздігіміздің бұған дейінгі барлық жылдарында мұншалықты ауқымды нысандар салынған емес-тін. Осы аралықта облыс бюджеті 346 млрд-тан 851 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Ал бұл сандардың артында тынымсыз еңбек жатқанын көбіміз біле бермейміз.

Тегінде, Нұрекеңнің бойында табиғи ұйымдастырушылық қасиет, ойға алған мақсатын орындамай қоймайтын табандылық, тәуекелшілдік пен темірдей тәртіп, жаңашылдық пен қарапайымдылық, ең бастысы мемлекетшілдік менмұндалап тұрады. Халқымызда «Билік иесінің қадірі билікке келгенде емес, кеткенде білінеді» деген қанатты сөз бар. Облыс әкімдігінен басқа қызметке ауысып кетсе де, қарапайым халық арасында Нұрлыбек Машбекұлы бауырымызға деген қимастық сөздер әлі жиі айтылады, мұны халықтан сатып ала алмайтын алғаусыз абырой деп түсінемін.

Әрбір адамның өзіне тән несібесі болады. Несібе адамның мінезіне, ақыл-парасатына, адалдығына, еңбекқорлығына, білімі мен білігіне байланысты. Сондықтан да тұлғаның тағына талассаң да, несібесі мен бағына таласа алмайсың.

Осы жерде еске түседі, хакім Абайдың «Сүйер ұлың болса сүй, Сүйінерге жарар ол» деп тарқатылатын жыр жолдары бар. Ұлы ақынның «Ата-анаға көз қуаныш» деген өлеңінің бір шумағының алғашқы екі жолын түзетін осы сөз орамы біздің Нұрекеңнің азаматтық айбыны мен айдынына айнымай келіп тұр. Иә, сарабдал да сырбаз Сыр елінің халқы өз ортасынан балақ бауын шешіп, түлеп ұшқан сізбен әркез мақтанады, сізді ардақ тұтады! Өскелең өңірімізде бұл байламмен келіспейтіндер некен-саяқ қана шығар, жалпы халық сізді аламан бәйгеге қосқан сәйгүлігіндей көріп, үстіңізге су төгілдірмей отыр. Ендеше, Алла берген осы несібеңіз бен ырыздығыңыз тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуіне қызмет ете берсін, Нұрлыбекжан!

Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ,

ғылым докторы, мемлекет және қоғам қайраткері

ҚЫЗЫЛОРДА

Таңбалар: ел мәселесіқабылдауНұрлыбек Нәлібаев

Ұқсас мақалалар

Нұрлыбек Нәлібаев Жетісу облысына жұмыс сапарымен барып қайтты
Аймақ

Нұрлыбек Нәлібаев Жетісу облысына жұмыс сапарымен барып қайтты

13.08.2026
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Қытайдың Қазақстандағы елшісімен кездесті
Дәулет

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Қытайдың Қазақстандағы елшісімен кездесті

12.08.2026
Енді пациент терапевттің «делдалдығынсыз» діттеген дәрігеріне бірден барады
Жаңалықтар

Енді пациент терапевттің «делдалдығынсыз» діттеген дәрігеріне бірден барады

09.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Меркіде қайғылы қазаға ұшыраған Мәдинаның ажалы себебі елді шошытты

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Белгілі саясаткер Қашаған кенішіне орай Назарбаевтан жауап алуды талап етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

  • Геннадий Головкин Украина үшін қауіпті кісілер қатарына енгізілді

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 456.88 ₸
EUR EUR 534.64 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist