24 Тамыз, 08:08
RAST.kz
USD USD 456.88 ₸
EUR EUR 534.64 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Енді пациент терапевттің «делдалдығынсыз» діттеген дәрігеріне бірден барады

9 Тамыз 2026 19:58
- Жаңалықтар, Қайнар
Енді пациент терапевттің «делдалдығынсыз» діттеген дәрігеріне бірден барады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 9 тамыз. Қазақстанда дәрігерлердің қабылдау ережелері өзгерді: бұдан былай пациент терапевттің «көмегінсіз-ақ» бірден көздеген дәрігеріне жазыла алады. Бұл туралы «24KZ» ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Қазақстанда дәрігерлердің қабылдау ережелері өзгерді, жаңа тәртіп 3 тамыздан өзінің заңды күшіне енді. Бұдан былай нақты мамандар терапевт дәрігерлерді араға салмай-ақ, пациентті қаралу немесе консультация алу үшін басқа тиісті медиктерге жібере алады. Бұл өзгеріс осы уақытқа дейін ұзақ жылдар бойы орын алып келген бюрократия мен созбұйдалықты жояды. Сөйтіп, пациенттің тексерілмек болып келген медицина қызметкеріне тезірек жетуіне жол ашып береді.

Ал амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек көрсету ережелері іске қосылады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін азаматтар қандайда бір тексерулерге жолдама алу үшін алдымен терапевтке қайта-қайта жазылып, тек соның жазып берген «ішірткісі» арқылы ғана өзіне керекті дәрігеріне барып келетін еді. Енді ондай төрешілдіктің тамырына балта шабылды. Бұдан былай қараушы дәрігер науқастың қосымша тексерілуі үшін өз бетінше жолдама бере алатын болды. Бірақ тек үш маманға ғана жібере алады.

Бұдан бөлек, емханалар енді 60 күнтізбелік күн бұрын дәрігерлерді қабылдау кестесін жариялауға және кесте өзгерген кезде оларды жаңартуға міндетті. Бұрын жазба тек 7-10 күнге ғана қолжетімді болатын.

Пациент кеселінің мәртебесі жүйесіне де тиісті өзгерістер енгізілді. Олар «сау», «сауығу үстінде», «жақсаруда», «өзгеріссіз», «нашарлау үстінде», «өлім жағдайында», сондай-ақ «ауруы жалғасуда» деп аталады. Бұрын «тұрақты ауыр», «тұрақты өте ауыр» секілді атаулар қолданылатын.

Соңғы мәртебе дәрігерге пациентті жаңа жолдама алу үшін терапевтке жібермей, өзін-өзі қайта тағайындауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ қабылдау мен процедура уақыттарының нормалары бекітілді. Мысалы, маманның науқасқа кеңес беретін уақыты 20 минуттан кем болмауға тиіс, сол сияқты ультрадыбыстық зерттеу 20 минутқа созылуы керек, ал алғашқы қабылдау кезінде уақытты 30 минутқа дейін ұзартуға болады.

Таңбалар: дәрігерқабылдаутерапевт

Ұқсас мақалалар

«Сүйер ұлың болса сүй, сүйінерге жарар ол»
Көзқарас

«Сүйер ұлың болса сүй, сүйінерге жарар ол»

02.08.2026
Геннадий Головкин Ресейді әлем боксының аясына қайта кіргізіп берді
Жаңалықтар

Геннадий Головкин Ресейді әлем боксының аясына қайта кіргізіп берді

02.08.2026
Қызылорда облысының әкімі Президенттің қабылдауында болды
Аймақ

Қызылорда облысының әкімі Президенттің қабылдауында болды

21.05.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Меркіде қайғылы қазаға ұшыраған Мәдинаның ажалы себебі елді шошытты

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Белгілі саясаткер Қашаған кенішіне орай Назарбаевтан жауап алуды талап етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

  • Геннадий Головкин Украина үшін қауіпті кісілер қатарына енгізілді

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 456.88 ₸
EUR EUR 534.64 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist