18 Қазан, 08:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Сілімтік Путин бір тәулік үнсіз жатып, енді тілі шығыпты» – Зеленьский

24 Наурыз 2024 15:30
- Жаңалықтар, Қайнар
«Сілімтік Путин бір тәулік үнсіз жатып, енді тілі шығыпты» – Зеленьский
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

КИЕВ. 24 наурыз. Украина президенті Володимир Зеленьский РФ диктаторы Владимир Путиннің терактіге орай Украинаны айыптауына жауап қайтарды. Бұл туралы «Диалог.ua» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Президенті осыған орай «егер ресейліктер өз арнайы қызметтеріне сұрақ қоймайтын болса, Путин мұндай талай нәрсені өзінің пайдасына қарай икемдеп алып тұрар еді» дегенді айтты.

Мемлекет басшысы Володимир Зеленьский кешегі Мәскеу түбіндегі Красногорскіде орын алған теракт үшін Украинаны айыпты етіп шығарғысы келген Ресей диктаторы Владимир Путиннің мәлімдемесіне түсіндірме бере келіп, оған «сілімтік» және «сүмелек» деген ат таңды. Бұған сосын «Ресейде бұған дейін бір-бірлерін ату да болды, үйлерді жарып жіберу де болды, ал Кремль соның бәрінде басқа біреулерді айыпты етіп шығаруға тырысып бақты» дегенді қосты. Ол мұны өзінің кезекті видеоүндеуінде тәкпір етті.

«Украинаға басқыншылық соғыспен басып кірген Ресей украинның бейбіт қалаларын аяусыз қирата отырып, бұған Киевтің өзін айыптады, украиндарды азаптап, зорлай отырып, бұған да олардың өздерін кінәлады», – деді адекватты мемлекет басшысы.

Зеленьскийдің айтуынша, «сілімтік Путин» Мәскеу түбінде орын алған зобалаңға Украинаны қатысты етіп қоюды әбден ойластырып, «бір тәулік бойы үн-түнсіз жатып алған».

Қазіргі таңда украин территорияларында адам өлтіріп жүрген жүздеген мың ресейлік содыр кез келген терроршыны бас көтертпей жоқ қылып жіберуге жарар еді. Егер Ресей қоғамы осындай сұрақтарды өз арнайы қызметтеріне қоймайтын болса, Путин мұндай жағдайлардың бәрін өзінің пайдасына қарай бұрып алып жүре берер еді.

Өз сөзінде осылай толғаған мемлекет басшысы басқыншы жауға қарсы тұрып, оның террорына жол бермей келе жатқан әрбір украиналыққа алғыс айтты.

Еске сала кетейік, Путин өзінің ресейліктерге арнаған кешегі үндеуінде ФСБ-ның кейін өзгертіп алынған болжамын тағы қайталап шығып, Мәскеу түбіндегі концерт залында орын алған терактіні орындаушыларды «әрекеттерін жасап болғаннан кейін Украина шекарасына қарай жол тартты» деп мәлімдеді.

Украина бас барлау қызметі мұны сол бойда бірден жоққа шығарды. Тіпті Беларусьтің Ресейдегі елшісі Дмитрий Крутой да белорус шекарашыларының «лаңкестерді ішке қарай өткізбегенін» айтып, Путиннің уәжін заматында жоққа шығарып жібергенін өзі де байқамай қалды.

Бұдан бұрын Украина әскери барлауы «Крокус Сити Холл» концерт залындағы қанды қырғынды Кремльдің өзі ұйымдастырғанын, мұндағы мақсат Украинаға қарсы соғысқа қатысатын жауынгерлер санын арттыру үшін жаңа мобилизация жасауға жол ашу болғанын атап тұрып жазған болатын.

Таңбалар: Владимир ПутинЗеленськийРесейтеракт

Ұқсас мақалалар

Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты
Жаңалықтар

Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

12.10.2026
Билік ресейліктердің «ақылды үйлеріндегі» гаджеттерді бақылауға алады
Әлеумет

Билік ресейліктердің «ақылды үйлеріндегі» гаджеттерді бақылауға алады

06.10.2026
НАТО Ресейдің ықтимал соғысында жеңудің жоспарын жасап жатыр
Жаңалықтар

НАТО Ресейдің ықтимал соғысында жеңудің жоспарын жасап жатыр

06.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist