26 Тамыз, 05:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Шынында төңкеріс болды»: РФ өз күйреуіне қарай тағы бір адым жақындады

25 Маусым 2023 19:27
- Жаңалықтар, Қайнар
«Шынында төңкеріс болды»: РФ өз күйреуіне қарай тағы бір адым жақындады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 25 маусым. Ресей саясаткерлері мен әскери сарапшылары елде шын мәнінде де төңкеріс орын алды, ол мемлекетті құрдымға қарай жақындата түсті деп есептейді. Бұл туралы «Диалог.ua» ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

«Вагнер» жеке әскери компаниясының жалдамалы әскерлері тәулікке де жетпейтін уақыт ішінде Ростов арқылы Мәскеуге жорық жасап келіп қалды. Жолай РФ-ның алты соғыс тікұшағы мен бір ұшағын атап түсірді, солармен бірге 20 пилотты өлтірді. Басқа ештеңені қиратпаған олар Ресей байтағына 200 шақырымдай жер қалғанда, Кремльдің араға делдал салу арқылы ұсынған ұсынысын қабыл алып. сапарларын кілт тоқтатып, келген іздерімен кері қайтты.

Ресей үшін осының өзі жеткілікті болып жатты. Елден миллиардерлер чартерлік рейспен шұғыл шет елдерге қашып жатты. Ал Путин сыралғы сұрқылтай Лукашенконы араағайын етіп, Пригожинді тәубеге келуге шақырды.

Мұның бәрі РФ-ны президент Владимир Путин билемейтінін көрсетті. Бұл жағдай диктатордың хәлі мүшкіл екенін айдай әлемге танытты.

Ал террорист Игорь Стрельков (Гиркин) «вагнершілердің» Кремльге басып кіруден бас  тартып, кері қайтып кеткеніне айран-асыр болып қуанып жатқан «пропагандистерді» мазақ қылды. Ол мемлекеттік төңкеріс болмай қалды деп қуануға әлі ерте екенін айтты.

«Тіпті егер тараптар «Бітті, тараймыз» деп кеткен күннің өзінде, төңкерісті сәтті өтті деп бағалауымызға толық негіз бар. Себебі, мемлекеттегі (іс жүзінде) екінші адам күш көрсету жолымен қызметтен шеттетілді», – деп жазды Стрелков.

Стрелков-Гиркин қорғаныс министрі Сергей Шойгу мен бас штабтың бастығы Валерий Герасимов өздерінің орынтақтарын сақтап қалғандарымен, енді бұрынғыдай билікке де, беделге де ие бола алмайтындарын айтты.

РФ мемлекеттік думасының екі шақырылымының бұрынғы депутаты Виктор Алкснис Ресейдің күйреуге қарай тағы бір қадам жасағанын мойындады.

«Бүгінгі күннен бастап РФ-да екі президент бар: нағыз президент Евгений Викторович Пригожин және құп отыру үшін қойылған зиц-президент Владимир Владимирович Путин», – деген пікір білдірді саясаткер.

Украин саясаткері Олексий Арестович тарихта мұндай жағдайдың ешқашан болмағанын еске түсірді. «Пригожиннің ақырына дейін бармай тоқтаған бүлігі адамзат тарихында дәл РФ сияқты моральдық жағынан азғындаған және күйзеліске түске мемлекеттің болмағанын көрсетті», – деп қайран қалды ол.

Таңбалар: бүлікВладимир ПутинПригожин

Ұқсас мақалалар

«Ішкі жаулар Путинге сайлауға дейін соққы берулері әбден ықтимал»
Жаңалықтар

«Ішкі жаулар Путинге сайлауға дейін соққы берулері әбден ықтимал»

11.08.2026
Новосібір тұрғындарынан Путин келіп-кеткенше қозғалысты шектеу талап етілді
Жаңалықтар

Новосібір тұрғындарынан Путин келіп-кеткенше қозғалысты шектеу талап етілді

11.08.2026
Путин бюджетті соғысты жалғастыру ыңғайында дайындауды тапсырды
Дәулет

Путин бюджетті соғысты жалғастыру ыңғайында дайындауды тапсырды

28.07.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist