9 Шілде, 15:07
RAST.kz
USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Сардоба плотинасы: жарылыстың 4 версиясы бар

17 Мамыр 2020 20:22
- Жаңалықтар, Құқық
Сардоба плотинасы: жарылыстың 4 версиясы бар
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ТАШКЕНТ. 17 мамыр. Өзбекстанда Сардоба су қоймасы тоғанының бұзылуына байланысты қылмыстық істі жүргізуші тергеушілер тобы оның болу себебінің 4 түрлі версиясы бар деп есептейді. Бұл туралы «Газета.uz» хабарлады.

Мұны Бас прокуратураның қоғаммен байланыс және құқықтық ақпарат бөлімінің бастығы Хаёт Шамсутдинов кеше Гүлстанда өткен халықаралық баспасөз клубының отырысында жеткізді. Ведомство өкілі 3 мамыр күні ТЖ фактісі негізінде Қылмыстық кодекстің 207-бабы 1-бөлігі (лауазымдық жауапсыздық) және 258-бабы 2-бөлігінің «б» тармағы (таудағы, құрылыстағы немесе жарылу қаупі бар жұмыстардағы қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалғанын еске салды. Осыған байланысты тергеу жұмыстарын жүргізу мемлекеттік қауіпсіздік қызметі органдарына жүктелген.

Оның айтуынша, осы іске байланысты Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі мен Ішкі істер министрлігінің тәжірибелі де білікті қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылған. Қылмыстық істің шеңберінде төмендегідей негізгі төтенше оқиғалар версиясы келтіріліп отыр:

  • жобалау кезіндегі қателік;
  • құрылыс нормаларын сақтамау;
  • пайдалану үдерісіндегі қателіктер;
  • апатты жағдай.

Терген тобы қазірге дейін 170-тен астам куәдан жауап алып үлгерген. Олар жобалауға, құрылысты жүргізуге және су қоймасын пайдалануға қатысты түсініктер мен көрсетімдер берген.

Қылмыстық істің шеңберінде 10-нан аса сараптамалық зертханалық-талдамалы тексерулер қаралған. Атап айтқанда, пайдалану ережелерінің сақталуы, құрылыс нысанының жобаға сай салынуы, атқарылған жұмыстардың есепте көрсетілуі мен нақты фактілері, сондай-ақ қаржы есептерінің дұрыстығы тексеріліп жатыр.

Сардоба су қоймасына пайдаланылған материалдардың сапасы мен санын анықтайтын сот-құрылыс және сот-техникалық сараптамалары тағайындалды.

Хаёт Шамсутдинов су қоймасы нысанының тапсырысшысы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы «Сирдарёсувқурилишинвест» мемлекеттік унитарлы кәсіпорны болғанын, бас мердігер ретінде «Узбекистон темир йуллари» АҚ жанындағы «Узтемирйулкурилишмонтаж» мемлекеттік унитарлы кәсіпорны әрекет еткенін баяндады. Жобаны ООО UzGip мекемесі жасаған.

Сардоба су қоймасы Үкіметтің 2010 жылғы №97 қаулысына сәйкес Сардоба, Мирзаабад және Хаваст аудандарының территориясында салынған. Гидроқұрылыс 974 млн текше метр су сақтауға лайықтанған. Су қоймасының периметрі – 42 шақырым, тоғанының ұзындығы – 28 шақырым, ауданы – 6800 га. Тоғанның ең биік жері – 33 метр, судың ең жоғары деңгейі – 30 метр.

Бұдан бұрын «Газета.uz» хабарлағандай, Сардоба су қоймасы құрылысының 2017 жылғы 1 қаңтардағы құны 1 трлн 306 млрд 940 млн 400 мың сум (сол кездегі бағам бойынша – 404,4 млн доллар) болды. Оған мемлекет бюджетінен осынша қаржы жаратылды.

Таңбалар: сардоба плотинасы

Ұқсас мақалалар

Мақала жоқ
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

    Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

  • БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗБАСАРЫ

  • НОҒАЙ АРУЫ

  • Соғыстағы стратегиялық сауаттылық сапаға соқпақ салады

  • Украина Ярославльдегі МӨЗ-ге және Петербург порттарына шабуыл жасады

  • Қадыровтың кісі өлімін әкелген апатқа кінәлі ұлы жол полициясынан медаль алды

  • Еркін форматтағы жүздесуде жастар саясатының басыңқы бағыттары талқыланды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist