18 Қазан, 08:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Санжар Тәшкенбай қалай оқудан шығып қалды?

16 Мамыр 2023 17:46
- Жаңалықтар, Қайнар
Санжар Тәшкенбай қалай оқудан шығып қалды?
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Бүгін Ташкенттен оралдық. Бір апта әлем чемпионатын көрдік.

Құдайға шүкір, 5 жігітіміз: Санжар Тәшкенбай (48 келі), Сабырхан Махмұд (54 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі) әлем чемпионы атанып, Дулат Бекбауов (67 келі) күміспен күптеліп, төрткүл дүниенің алдында абыройымыз көтеріліп қайттық.

Ташкент-Астана бағытында ұшқан ұшаққа мініп, орныма жайғасқаным сол еді, жаныма келіп Санжар Тәшкенбай жайғасты.  Содан Астанаға жеткенше біраз әңгімелестік.

Астанадағы Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназияда оқыған Санжар 17 жасында бокстан Азия және әлем чемпионы болған. 18 жасында ересектер арасындағы Азия чемпионы атанды. Әңгіме барысында бір әттеген-айы бар екенін де айтып қалды.

Мен бір сөзімде қайда оқисың деп қалдым.

Ол болса «Ешқайда оқымаймын, 2021 жылы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне грантқа оқуға түскен едім оқытушы-жаттықтырушы мамандығына. Бірақ оқуым ұзаққа бармады, бірінші курстың ортасынан бастап стипендиямды алып тастады, одан кейін сабаққа белсенді қатыспағаным және жазғы практикаға қатыспағаным үшін оқудан шығып қалдым. Ақылы оқуға ауысайын десем қаражат жетіспейді, үйде менен басқа бес бала бар, әкем қарапайым таксист, анам үй шаруашылығынан босамайды. Бұл кездері мен жастар арасындағы Азия және әлем чемпионатына қызу дайындық жүргізіп жүргенмін. Тынымсыз жаттығуларымның арқасында екі жарыста да чемпион болдым. Ал 2022 жылы ересектер арасындағы чемпионатта чемпион атандым. Бірақ оқуымнан шығып қалдым, соған өкінемін, аға» деп көңілінде жүрген бір кірбіңін білдірді.

Енді не істейсің десем, «Көкшетаудағы педагогика институтына баратын шығармын, спорт өмір бойы серік болмайды ғой…» деп отыр кеше ғана әлемді мойындатқан Санжар чемпион.

– Санжар бұл жағдайды жүрегіңе жақын алма, бір жөні болар, сен енді осы күздегі Азия ойындары мен алдағы жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарын ойла! – дедім өзімше тілеуқор көңілмен, алтын медалін алақанында ұстап отырған, қазақтың абыройын аспандатқан Тәшкенбайға.

Оқығысы келетін балаға қарап ойланып қалдым…

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Астана

Facebook

Таңбалар: боксГумилев атындағы университетСанжар Тәшкенбай

Ұқсас мақалалар

Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі
Жаңалықтар

Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

16.10.2026
«Өз еліме керек емеспін»: Тәжірибелі төрешіге қысым жасаған кім?
Жаңалықтар

«Өз еліме керек емеспін»: Тәжірибелі төрешіге қысым жасаған кім?

06.10.2026
Боксшы Оралбай Азиада-2026-да командаға екінші алтын медаль алып берді
Жаңалықтар

Боксшы Оралбай Азиада-2026-да командаға екінші алтын медаль алып берді

02.10.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist