25 Тамыз, 21:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Рыбакина Australian Open-2023 турнирінде екінші орын алды

28 Қаңтар 2023 20:53
- Жаңалықтар, Сайыс
Рыбакина Australian Open-2023 турнирінде екінші орын алды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МЕЛЬБУРН. 28 қаңтар. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина бүгін Австралияның ашық чемпионаты финалында жеңіліске ұшырап, екінші орынды қанағат тұтуға мәжбүр болды. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Біздің спортшының бұл жолғы қарсыласы белорус Арина Соболенко болды. Бірінші сетте Елена басым түсті – 6:4. Бірақ екінші сетте оның қарсыласы күштілік көрсетті, есеп – 6:3.

Шешуші партияда WTA рейтингісінде 5-ші болып тұрған Соболенко дес бере қоймады. Ол 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Финалдық кездесу тура 2 сағат 29 минутқа созылды.

Айта кетейік, Уимблдон-2022 турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакина чемпионатта «Үлкен шлем» турнирлерінің үш чемпионы – Ига Свёнтекті (Польша), Елена Остапенконы (Латвия) және Виктория Азаренконы (Беларусь) қатарынан ұтқан болатын.

2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиялық ойындардың чемпионы Елена Веснина финалдық шайқас жайлы өз ойын білдірді және белорус спортшысының қалай жеңіске жеткенін айтты.

«Australian Open-дегі әйелдер финалы керемет өтті, мұндай матчтарды көрудің өзі бір ғанибет. Екі теннисші де бүгін титулды жеңіп алуға лайықты болды, екеуі де ғажап теннис көрсетті. Арина сәл сенімдірек және байсалды ойнады. Бұлардың өзара кездесулерінде Соболенко алда тұр еді, есеп 3:0, бұл финалда да оның әуелден өз артықшылықтары болды. Арина бірінші сеттен кейін ойынына сұмдық қарқын қосты. Ол доп беруде өте сенімді ойнады, соққының күшін де айтарлықтай арттырып жіберді. Ал Рыбакинаға мұндай қарқынға ілесу өте қиынға соқты. Соболенко өте қуатты вариативті ойынды ұсынды. Бұл турнирде ол өзінің жылдам комбинацияларымен қарсыластарын корттан жұлып түсіріп жатты. Осындай екпін екінші және үшінші сеттерде айқын көрінді. Мен Аринаны атағымен құттықтаймын, ол жарады!», – деді ол.

 

 

Таңбалар: АвстралияЕлена Рыбакинатеннис

Ұқсас мақалалар

Рыбакина Нинбо турнирінің финалында жеңіске жетіп, жеңімпаз атанды
Жаңалықтар

Рыбакина Нинбо турнирінің финалында жеңіске жетіп, жеңімпаз атанды

19.10.2025
«Елена мен оның экс-бапкері бір-бірімен «жақын» болды»
Жаңалықтар

«Елена мен оның экс-бапкері бір-бірімен «жақын» болды»

07.02.2025
Тартакова: Рыбакинаның қазір құр сүлдері жүр, сондықтан ойнай алмайды
Жаңалықтар

Тартакова: Рыбакинаның қазір құр сүлдері жүр, сондықтан ойнай алмайды

25.09.2024
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist