18 Қазан, 01:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылордада үй кезегінде тұрған 90 отбасыға жаңа пәтерлер берілді

22 Тамыз 2026 16:01
- Аймақ, Жаңалықтар
Қызылордада үй кезегінде тұрған 90 отбасыға жаңа пәтерлер берілді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 22 тамыз. Қызылордада үй кезегінде тұрған тұрғындарға 90 пәтердің кілттері тапсырылды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Бүгін Қызылорда қаласының сол жағалауында бой көтерген екі көп қабатты тұрғын үйдің 90 пәтері әлеуметтік жағынан осал топтағы отбасыларға табыс етілді», – делінген хабарламада.

Осыған арналған жиынды Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев сөз сөйлеп ашып, қуанышты оқиғамен қала тұрғындарын құттықтады.

Салтанатты шараға сондай-ақ облыстық мәслихаттың төрағасы Мұрат Тілеумбетов, зиялы қауым өкілдері, ел ағалары және қала тұрғындары қатысты.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қолжетімді баспана – арман емес, біздің азаматтарымыздың алдындағы міндетіміз» деген болатын. Бұл бағытта Сыр өңірінде байыпты бастамалар сәтті жүзеге асуда. Тұрғындардың әл-ауқатын арттыру үшін жайлы баспанамен, әлеуметтік нысандармен қамту жүйелі жолға қойылған», – деді Мұрат Нәлқожаұлы құттықтау рәсімінде.

Ол өз сөзінде бүгін кезекте тұрған жерлестерімізге аумағы 7 мың шаршы метрден асатын 90 пәтердің кілтін салтанатты түрде тапсырылғалы тұрғанын атап өтті.

«Алдағы уақытта да шаһардың ажарын айшықтайтын заманауи үлгідегі тұрғын үйлер бой көтереді. Жаңа қоныс құтты, шаңырақтарыңыз биік, босағасы берік болсын, іші береке мен мерекеге толсын! Әр отаудан бүлдіршіндердің күлкісі естіліп, татулық салтанат құра берсін!», – деді аймақ басшысы бұдан әрі.

Жиында мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-ұстаз Бақберген Досманбетов сөз сөйлеп, қуаныш иелеріне ізгі тілектерін білдірді.

Шара барысында осы тұрғын үйді салған құрылысшылар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Айта кетуіміз керек, Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен Қызылорда қаласында соңғы төрт жылда тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға 8 мыңға жуық пәтер беріліп, 30 мыңнан астам жерлесіміз баспаналы болды.

2026-2027 жылдары 6200-ден астам пәтер табыс етіліп, 25 мыңға жуық тұрғынның баспана мәселесін шешу жоспарланып отыр.

Бүгінде сол жағалауда бой көтерген 169 нысанның 36-сы – көп қабатты тұрғын үй. Жаңа шағын аудан тұрғындарының саны 25 мыңнан асты.

Халыққа жайлы орта қалыптастыру мақсатында 20 әлеуметтік, 13 ірі бизнес нысаны бой түзеп, ел игілігіне қызмет етуде.

Қазіргі уақытта тағы 48 ғимарат бой көтеріп жатыр. Сондай-ақ Иса Тоқтыбаев көшесінен сол жағалауға өтетін төрт жолақты жаңа көпір құрылысы салынады.

 

Таңбалар: Қызылордапәтерсалтанатты шара

Ұқсас мақалалар

Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді
Әлеумет

Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

10.10.2026
Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды
Аймақ

Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды

09.10.2026
Қызылордалықтар Қала күнінде қоныс тойын тойлады, оларға 168 пәтер берілді
Аймақ

Қызылордалықтар Қала күнінде қоныс тойын тойлады, оларға 168 пәтер берілді

09.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist