8 Қыркүйек, 02:09
RAST.kz
USD USD 454.31 ₸
EUR EUR 528.04 ₸
RUB RUB 5.25 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылордада «Жасыл ел» еңбек жасақтары экологиялық сенбілік өткізді

8 Тамыз 2026 14:33
- Аймақ, Жаңалықтар
Қызылордада «Жасыл ел» еңбек жасақтары экологиялық сенбілік өткізді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 8 тамыз. Қызылордада «Жасыл ел» еңбек жасақтарының қатысуымен экологиялық сенбілік ұйымдастырылды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өткен Қорқыт ата аллеясын көркейтуге арналған сенбілікке қатысушы «Жасыл ел» еңбек жасақтарының сарбаздарымен кездесті.

Аймақ басшысы табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау өркениетті қоғамның басты құндылығы екенін атап өтті.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында өңірімізде ауқымды жұмыс атқарылуда. Шілде айының басында күшіне енген халықтық Конституцияда табиғатты қорғау, қоршаған ортаға ұқыпты қарау қағидаты алғаш рет заң деңгейінде бекітілді. Ендігі жерде қоршаған ортаға жанашырлық таныту – әрбір азаматтың конституциялық парызы», – деді Мұрат Ергешбаев.

Оның айтуынша, Қызылорда қаласындағы орталық алаң, қалалық мәдени-демалыс паркі, Президент саябағы, бүгінгі сенбілік өтіп жатқан Қорқыт Ата саябағының жаңаша келбетке енуі өңіріміздің әлеуметтік инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған жүйелі саясаттың жемісі болып табылады.

Осындай игі істердің бел ортасында әрдайым «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздары жүреді. «Жасыл ел» – маусымдық жұмыс емес, жастарды еңбекке баулитын, елжандылыққа тәрбиелейтін, қоғамдық жауапкершілікті қалыптастыратын үлкен азаматтық мектеп. Бұл жоба арқылы мыңдаған жас алғашқы еңбек тәжірибесін жинақтап, туған жердің дамуына сүбелі үлесін қосып келеді.

«Биыл жобаға 21 жыл толды. Осы уақыт ішінде «Жасыл ел» өз тиімділігін дәлелдеп, жастар саясатының ең табысты жобаларының біріне айналды. Туған өлкеміздің тазалығы мен көркеюі жолында аянбай еңбек етіп жүрген баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін!», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Сенбілікте аймақ басшысы жастармен экологиялық мәдениетті қалыптастыру жөнінде еркін пікір алмасты.

Айта кетейік, өткен жылы «Жасыл ел» еңбек жасағының қатысуымен 118 саябақ, сквер, аллея және қоғамдық демалыс орындары көгалдандырылып, 12 гектар аумақ тұрмыстық қалдықтан тазартылды.

Биыл да 1200-ден астам жас осы игі іске атсалысып, өңірдің тазалығы мен көркеюіне өз үлесін қосуда.

Жасақ сарбаздары арнайы киімдермен, құрал-жабдықтармен қамтылған.

Сонымен қатар, бүгін облыс әкімі «КБИ», «Бәйтерек» шағын аудандары мен Жаппасбай батыр көшесіндегі тазалық, абаттандыру және балалар ойын алаңдарының жағдайын, Сағымбаев көшесін қайта жаңғырту жұмыстарын көріп, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Таңбалар: Жасыл елМұрат Ергешбаевсенбілік

Ұқсас мақалалар

Сыр бойы мұғалімдері дәстүрлі тамыз конференциясында бас қосты
Аймақ

Сыр бойы мұғалімдері дәстүрлі тамыз конференциясында бас қосты

28.08.2026
Сыр бойында «Жасыл ел» еңбек жасақтары маусымдық қорытынды жиынын өткізді
Аймақ

Сыр бойында «Жасыл ел» еңбек жасақтары маусымдық қорытынды жиынын өткізді

28.08.2026
Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев Құрылтай сайлауында дауыс берді
Аймақ

Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев Құрылтай сайлауында дауыс берді

23.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

    «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

  • Тілге тірелген түйсіктер тіні

  • Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сапасын мемлекеттік орган тексереді

  • Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

  • Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

  • Белгілі журналист, ақын Жоламан Бошалақ өмірден өтті

  • Ағат пікірге – адаспас ақиқат

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 454.31 ₸
EUR EUR 528.04 ₸
RUB RUB 5.25 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist