18 Қазан, 03:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылордада аймақтық сарапшылар платформасы болып өтті

18 Наурыз 2026 21:34
- Аймақ, Жаңалықтар
Қызылордада аймақтық сарапшылар платформасы болып өтті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 18 наурыз. Қызылордадағы «Достық үйінде» «Жаңа Конституция – нағыз халықтық таңдау» атты аймақтық сарапшылар платформасы ұйымдастырылды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

​15 наурыздағы республикалық референдумнан кейінгі ел өміріндегі тарихи белесті бағамдаған бұл жиынға зиялы қауым өкілдері, жоғары оқу орындарының ғалымдары мен сарапшылары, этномәдени бірлестіктер мен жастар ұйымдарының белсенділері қатысты.

​Басқосудың басты өзегі – жаңарған Ата Заңның қоғам өміріне, әсіресе өңірлік даму үдерістеріне тигізер ықпалын ғылыми-сарапшылық тұрғыдан зерделеу болды.

​Жиынды Қорқыт ата атындағы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің басқарма төрағасы-ректоры, тарих ғылымдарының кандидаты, облыстық «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалиция жетекшісі Наурызбай Байқадамов ашып, жаңа Конституцияның мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтудағы рөлін ерекше атап өтті. «Бұл құжат халықтың еркін таңдауы мен ортақ жауапкершілігінің көрінісі ретінде заң үстемдігін қамтамасыз етуге берік негіз қалайды» деді ол.

​Осы орайда білім беру жүйесінің болашағына тоқталған И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжінің директоры, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Абайбек Жүнісов еңбек нарығына бейімделген мамандар даярлауда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының рөліне тоқталып, мемлекеттік тілдің дамуы мен қоғамдағы маңызын жеткізді.

​Экономикалық еркіндік пен кәсіпкерлік ахуалды жақсарту тетіктерін облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздық саралап берді. Ол жаңа Конституцияда жеке меншік құқығы мен нарық қатысушыларының теңдігі нақты бекітілгенін, бұл өз кезегінде өңірге инвестиция тартуға серпін беретінін айтты.

​Сонымен қатар, «Анаға тағзым» орталығының директоры Алтынай Молжанова отбасы институтын нығайту мен бала құқықтарын қорғау мәселесінің конституциялық деңгейде айқындалуы қоғамның тұрақты дамуының кепілі екенін әңгімеледі.

​Заман ағымына сай цифрландыру және заманауи технологиялар тұрғысынан жаңа нормалардың маңызын Жасанды интеллект институтының директоры Нұрлан Құлмырзаев талдап, дербес деректерді қорғау мәселесінің заңнамалық бекітілуі инновациялық дамуға сенімді жол ашатынын атап өтті.

​Ал жастар саясатындағы жаңа мүмкіндіктер туралы «Қазақстан студенттер альянсының» өкілі Салтанат Бижігітқызы сөз қозғап, жаңа буынның ел басқару ісіне белсенді араласуына жол ашылғанын жеткізді. ​Қатысушылар референдумға Сыр жұртшылығының белсенді қатысуы ел болашағына деген ортақ жауапкершіліктің жарқын үлгісі болғанын айтып, платформа жұмысын ашық пікір алмасу мен нақты ұсыныстармен қорытындылады.

Таңбалар: Жаңа КонституцияҚызылордасаяси платформа

Ұқсас мақалалар

Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді
Әлеумет

Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

10.10.2026
Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды
Аймақ

Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды

09.10.2026
Қызылордалықтар Қала күнінде қоныс тойын тойлады, оларға 168 пәтер берілді
Аймақ

Қызылордалықтар Қала күнінде қоныс тойын тойлады, оларға 168 пәтер берілді

09.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist