18 Қазан, 06:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылорда облысының жаңа әкімі құрылыс нысандарымен танысты

11 Мамыр 2026 11:07
- Аймақ, Жаңалықтар
Қызылорда облысының жаңа әкімі құрылыс нысандарымен танысты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 11 мамыр. Қызылорда облысының жаңа әкімі Мұрат Ергешбаев облыс орталығында құрылысы қарқын алған әлеуметтік нысандарды аралап, жұмыс барысымен танысты. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Аймақ басшысы алдымен құны 20,5 млрд теңге тұратын «Қызылорда Арена» көп бейінді спорт кешенінің құрылыс алаңына барды. Жалпы аумағы 26 мың шаршы метрді құрайтын кешенде 50 метрлік жүзу бассейні, әлем чемпионаты, Азия ойындары секілді ірі халықаралық жарыстар өткізуге арналған 2500 орындық зал, форумдар мен түрлі жиындардың 300 орындық конференция залы қарастырылған.

Нысанның қасбеті заманауи архитектуралық үлгіде болады, витражы төзімді әйнекпен қапталады. Пайдалануға берілгеннен кейін оқу-жаттығу жиындарын өткізуге бейімделеді. Нысанды осы жылдың тамыз айында іске қосу жоспарланған.

Одан кейін облыс әкімі сол жағалаудағы 600 пәтерлік 5 және 9 қабатты 10 тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Жобаға 11 млрд 364 млн теңге қаралған, 33 мың шаршы метр заманауи тұрғын үй кешенінде 8 ойын және воркаут алаңы, 3 демалыс аймағы орналасады.

Бүгінде денсаулық сақтау саласында тың жобалар жүйелі жүзеге асырылып, халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Соның бірі – бір ауысымда 100 келушіге қызмет көрсететін емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар 300 төсектік көп бейінді аурухана құрылысы. Заманауи талаптарға сай нысан диагностиканың және емдеудің озық технологияларымен жабдықталып, халықаралық стандарттар негізінде қызмет көрсетеді.

«Мелиоратор» ЖШС салып жатқан, құрылысына 36 млрд 416 млн теңге бөлінген кешеннің аумағы 57 мың шаршы метр, 10 блоктан тұрады. Атап айтқанда, емхана, пансионат, конференция залы, асхана, физиотерапия, қабылдау, әкімшілік, реанимация, химиотерапия және радиотерапия, операциялық бөлімдер қамтылған.

Сонымен қатар облыс әкімі Титов шағын ауданында салынып жатқан, бір ауысымда 400 келушіні қабылдайтын емханадағы жұмыс барысын көрді. Құрылысқа 9 млрд 823 млн теңге қаралған, аумағы 9 мың шаршы метр болатын заманауи емханада балалар мен ересектерге арналған емдеу-профилактикалық бөлімшелер, функционалдық диагностика және стоматология кабинеттері қарастырылған. Нысанды осы жылы халық игілігіне беру жоспарланған.

Таңбалар: әлеуметтік нысандарҚызылорда облысыМұрат Ергешбаев

Ұқсас мақалалар

Берлиннің төрінде Сыр өңірі өнерінің хас шеберлері өнер көрсетті
Әлеумет

Берлиннің төрінде Сыр өңірі өнерінің хас шеберлері өнер көрсетті

15.10.2026
Қызылордада Қарттар күніне орай қарияларға тиісті құрмет көрсетілді
Аймақ

Қызылордада Қарттар күніне орай қарияларға тиісті құрмет көрсетілді

01.10.2026
Сарыарқа төрінде – Сыр бойының азық-түлік өнімдері мен жеміс-жидектері
Аймақ

Сарыарқа төрінде – Сыр бойының азық-түлік өнімдері мен жеміс-жидектері

15.09.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist