14 Қыркүйек, 04:09
RAST.kz
USD USD 450.91 ₸
EUR EUR 522.69 ₸
RUB RUB 5.33 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақтың билігі неге «ұлтшылдардан» қорқады?

19 Тамыз 2021 16:55
- Көзқарас
Қазақтың билігі неге «ұлтшылдардан» қорқады?
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Қазақстанда ұлтшылдардың ресми де, бейресми де партиясы жоқ. Ұлтшылдардың басын біріктіріп, құқын қорғайтын ұйым не қозғалыс жоқ. Осы жүйені құлату арқылы билікке жетуді көксеп жүрген радикал жікшіл топтар жоқ. Нео-ультра нацизмнің идеологиясын күйттейтін надан-ұлтшылдық жоқ. «Қазақстан тек қазақтар үшін» дегенді алға тартатын арандатушы әсіре-ұлтшылдық бізде тіптен болмаған.

Сонда біздің «ұлтшыл» деп жүргеніміз кім?

Қазақстанда «мынау ұлтшыл» деп нақты атын атап, түрін түстеп кімді айтар едіңіз?

Әрине, күмілжіп қаласыз.

Біздегі бір нонсенс, кім ұлт пен діл, тілді жақтап жазады, соның маңдайына «ұлтшыл» деген мөр басылады.

Ресми түрде басы бір ұйымға бірікпеген һәм ешкімге залалы жоқ отандық ұлтшыл қауымнан әлдекімдер неге қорқады? Соңғы 25 жылда «ұлтшылдық» ұғымы қоғам алдында неге жағымсыз реңкке ие?

Ұлтшылдардан құбыжық жасау кімге тиімді? Ұлттың мүддесін қорғап жүргендер мемлекет пен қоғам үшін қашан, қандай қауіп туғызып еді? «Ұлтшыл – патриоттар» секілді ақпараттық кеңістікте пайда болған жасанды терминді қалыптастыруға жанын салып жүргендер кімдер?

Жуырда бір өрімдей жас жігіт «ұлтшылдарды жек көремін, ұлтшыл болғанша ғылым мен мәдениетті дамытып, байыған он есе артық» деп көп алдында көлгірсіп отырды. Ау, ұлтын сүйгендер, яғни ұлтшылдар ғылым мен мәдениеттің дамуын қашан тежеп еді? Баюға қашан кедергі болды? Бұл қайдан шыққан топас түсінік?

Ұлтсыздық ұғымын қалыптастырушы қауымның діттегені не? Саяси мүддені көздеуші қоғамдық ұйымдар жоқ дедік, онда билік неге ұлттың сөзін айтқандардың ізіне шам ала түсуін доғармайды?

«Өз ұлтыңды сүй, өзгені құрметте.»

Біздегі ұлтшылдықтың бар сипаты осы! Мен оны бейбіт ұлтшылдық деп атар едім.

Дамыған қуатты мемлекеттердің барлығы тарихи даму сатысында «ұлтшылдық» кезеңінен өткен. Қалайық, қаламайық, бұл жолдан бізге де өту парыз. Моральдық – заңдық құқымыз бар. Ұлтшылдық инстинкті қалыптаспаған ұлтта алауыздық орнайды және біртұтас саяси-қоғамдық күшке ие бола алмайды. Біріміз ердоғаншыл, екіншіміз арабшыл, үшіншіміз космополит, төртіншіміз орысшыл болып жүргеніміз сол. Бүгін желіні қарасам, тәліпшілдер деген тағы бір каста пайда болыпты.

Тобықтай түйін: дәл қазір қазақты сақтап қалатын да, топтастыратын да бір ғана идея бар. Ол – ұлтшылдық идеясы. Одан басқа идея жоқ және онсыз біртұтас қоғам орнауы мүмкін емес екеніне көз жетті!

Кім-қалай тыраштанса да, біздің ұлт қоғамдық дамудың өзге моделін қабылдауға әзірге дайын емес. «Бізді ұлтшыл қылған – кемдікте, қорлықта жүргеніміз, көрінгеннен соққы жегеніміз еді», – деген еді Міржақып атамыз. Ұлтшылдықпен күресті үдеткен сайын қазақ «қазақ» екендігін дәлелдей түседі.

Ащы, бірақ шындық осы…

Дина ЕЛГЕЗЕК

 

Таңбалар: қазаққоғамұлтшылдық

Ұқсас мақалалар

Оянба, қазақ, оянба!
Қазына

Оянба, қазақ, оянба!

10.03.2026
Қазақстанның халық жазушысы Темірхан Медетбек өмірден өтті
Жаңалықтар

Қазақстанның халық жазушысы Темірхан Медетбек өмірден өтті

10.05.2025
МГУ-дың қазақ профессоры
Жаңалықтар

МГУ-дың қазақ профессоры

30.07.2024
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Ғалым «қыргүйек», «көгөніс», «шегара» сөздері неге өзгертілетінін түсіндірді

    Ғалым «қыргүйек», «көгөніс», «шегара» сөздері неге өзгертілетінін түсіндірді

  • Қазақстандағы ең ықпалды болып саналатын 25 әйелдің аты-жөндері анықталды

  • Алматыда дәрігерлер жаңа туған нәрестеден екі келілік ісікті алып тастады

  • Қызылордада отбасы күні қарсаңында тағылымды кездесу өтті

  • Тамырдан – туындыға… Сыр елінің өнері – елорда төрінде! (видео)

  • Алматыда «Барлық» базарына дейінгі метро желісінің құрылысы жүріп жатыр

  • Ерлан Қарин: «Орфографиялық сөздік» 13 жылдан кейін қайта жазылады

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 450.91 ₸
EUR EUR 522.69 ₸
RUB RUB 5.33 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist