8 Қыркүйек, 02:09
RAST.kz
USD USD 454.31 ₸
EUR EUR 528.04 ₸
RUB RUB 5.25 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақстанның жаңа Сыртқы істер министрі тағайындалды

2 Қыркүйек 2026 17:09
- Әлеумет, Жаңалықтар
Қазақстанның жаңа Сыртқы істер министрі тағайындалды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 2 қыркүйек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 2 қыркүйек күні Мұхтар Тілеубердіні Қазақстанның Сыртқы істер министрі етіп тағайындау жөніндегі Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Zakon.kz ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», – делінген Ақорданың Telegram арнасында жарияланған ресми ақпаратта.

Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Оңтүстік Қазақстан (қазір – Түркістан) облысында 1968 жылғы 30 маусымда туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін бітірген, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы Азия және Африка институтында және Йенсе университеті (Корей Республикасы) жанындағы тілдер институтында тәжірибе алған. Оқуды аяқтағаннан кейін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің философия тарихы және қытай филологиясы кафедраларында жұмыс істеген.

Дипломатиялық қызметін 1993 жылы атташе лауазымынан бастады. Орталық аппараттағы жұмыс барысында Азия елдері басқармасының үшінші хатшысы, Азия департаментінің бірінші хатшысы, екіжақты ынтымақтастық департаментінің бөлім бастығы қызметтерін атқарды.

Шетелде Қазақстанның Корей Республикасындағы елшілігінде екінші хатшы және Израиль мемлекетіндегі елшілігінде кеңесші болып жұмыс істеді. Президент Әкімшілігінде Мемлекеттік хатшының сыртқы саясат мәселелер жөніндегі кеңесшісі болды.

2003 жылы Сыртқы істер вице-министрі болып тағайындалды.

2004 жылы еліміздің Малайзиядағы Елшісі және 2005 жылдан бастап Индонезия Республикасы, Бруней Даруссалам және Филиппин Республикасындағы елшісі қызметтерін қоса атқарды.

2009 жылы Қазақстанның Швейцария конфедерациясындағы елшісі болып тағайындалды және Лихтенштейн кінәздігі мен Ватикан мемлекетінде елші қызметін қоса атқарды, сонымен қатар Женевадағы БҰҰ бөлімшесінде және басқа да халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі болды.

2015 жылы Қазақстанның Иерусалимдік Әулие Иоанн егеменді әскери госпитальерлер ордені жанындағы, Родостағы және Мальтадағы қоса атқарушы елшісі болып аккредиттелді.

2016-2019 жылдары Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болған.

2019 жылғы қыркүйек айында Сыртқы істер министрі лауазымына тағайындалды.

Қазақстанның Аустриядағы елшісі болып тағайындалғанға дейін 2021 жылғы қаңтардан бастап 2023 жылғы сәуір аралығында Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі қызметін атқарды.

Төтенше және Өкілетті елші дипломатиялық дәрежесіне ие.

Ағылшын, корей тілдерін меңгерген.

Бұған дейін Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымын атқарып келген еді. Ол бұл қызметке 2025 жылғы 26 қыркүйекте тағайындалған болатын.

 

Таңбалар: Мұхтар ТілеубердіСыртқы істер министрітағайындау

Ұқсас мақалалар

Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі болып тағайындалды
Әлеумет

Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі болып тағайындалды

04.09.2026
Мұрат Мұханов Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды
Әлеумет

Мұрат Мұханов Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды

03.09.2026
Мәдениет және ақпарат министрлігіне жаңа басшы тағайындалды
Әлеумет

Мәдениет және ақпарат министрлігіне жаңа басшы тағайындалды

03.09.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

    «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

  • Тілге тірелген түйсіктер тіні

  • Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сапасын мемлекеттік орган тексереді

  • Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

  • Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

  • Белгілі журналист, ақын Жоламан Бошалақ өмірден өтті

  • Ағат пікірге – адаспас ақиқат

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 454.31 ₸
EUR EUR 528.04 ₸
RUB RUB 5.25 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist