25 Тамыз, 16:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақстанның бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қамауға алынды

30 Сәуір 2024 18:25
- Жаңалықтар, Қайнар
Бұрынғы бас полицей Тұрғымбаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 30 сәуір. Бас прокуратура бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың қамауға алынғанын растаған мәлімдеме таратты. Бұл туралы Zakon.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Бұдан бір күн алдын әлеуметтік желілерде Қазақстанның бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат пайда болған еді. Осыған байланысты бүгін, 2024 жылдың 30 сәуірінде Бас прокуратура мәлімдеме жасады.

Таратылған мәлімдемеден Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 2022 жылғы қаңтар оқиғасына қатысты қылмыстық істерді тергеуді жалғастырып жатқаны белгілі болды.

«Үстіміздегі жылдың 29 сәуірінде ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін (ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде ішкі істер экс-министрі Е.З.Тұрғымбаев ұсталды», – делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Бұдан да бұрынырақта Бас прокуратура Қаңтар оқиғасы бойынша экс-министр Ерлан Тұрғымбаевтан жауап алынғанын баяндаған болатын. Сондай-ақ Бас прокуратура Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты «Қошмамбет» ауылында орналасқан арнайы қабылдау жағдайында ұсталған азаматтарға азаптауды қолдану туралы іс бойынша дәлелдемелер жинаған.

Айта кетейік, Ерлан Тұрғымбаев 2019-2022 жылдары Ішкі істер министрі болып қызмет атқарды. Қаңтар оқиғасынан кейін министр лауазымынан кетіп, Қазақстан Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. Ал жарты жылдан кейін бұл қызметтен де босатылды.

Таңбалар: ерлан тұрғымбаевқамауқаңтар оқиғасытергеу

Ұқсас мақалалар

Белгілі саясаткер Қашаған кенішіне орай Назарбаевтан жауап алуды талап етті
Дәулет

Белгілі саясаткер Қашаған кенішіне орай Назарбаевтан жауап алуды талап етті

17.08.2026
Алматыда аузына келгенін аталаған ресейлік қыз 10 тәулікке қамалды
Жаңалықтар

Алматыда аузына келгенін аталаған ресейлік қыз 10 тәулікке қамалды

15.05.2026
Ресейдің Украинадағы соғысын айыптаған діни қызметкер ұсталды
Әлеумет

Ресейдің Украинадағы соғысын айыптаған діни қызметкер ұсталды

13.02.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist