17 Қазан, 04:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақстан: Түркі елдерінің медициналық туризмі бірыңғай платформа құруы керек

2 Қазан 2026 18:13
- Әлеумет, Жаңалықтар
Қазақстан: Түркі елдерінің медициналық туризмі бірыңғай платформа құруы керек
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

БІШКЕК. 2 қазан. Қазақстан түркі мемлекеттері медициналық туризмі бойынша бірыңғай цифрлық платформа құру идеясын ұсынды. Бұл туралы Денсаудық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Қазақстан түркі мемлекеттерінің медициналық ұйымдарының цифрлық мүмкіндіктерін біріктіріп, азаматтардың шетелде мамандандырылған медициналық көмек алуын жеңілдетуді қалайды.

Хабарламада айтылғандай, бастама медициналық туризмнің бірыңғай платформасын құруды, медициналық деректермен қауіпсіз алмасуды дамытуды және жасанды интеллектіні бірлесіп енгізуді көздейді.

Ұсынысты Қазақстан Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Бішкек қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымы денсаулық сақтау министрлерінің алтыншы кездесуінде жеткізді.

Бірыңғай цифрлық платформа ТМҰ елдеріндегі жетекші клиникалар, мамандар, емдеу бағыттары және қолжетімді медициналық қызметтер туралы ақпаратты біріктіреді деп жоспарланып отыр.

Перспективада пациенттер платформаны медициналық ұйымды таңдау, алдын ала консультация алу, шетелде емделуді ұйымдастыру және кейінгі медициналық сүйемелдеу үшін пайдалана алады.

Ынтымақтастықтың жеке бағыты мемлекеттердің арасында медициналық деректермен қауіпсіз алмасу тәсілдерін әзірлеу болады. Бұл өз елінен тыс жерде медициналық көмекке жүгінетін пациенттердің денсаулық жағдайы туралы қажетті ақпаратқа дәрігерлердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл ретте дербес деректерді қорғау талаптары сақталатын болады.

Қазақстанда медициналық ақпаратты біріктіретін және азаматтардың денсаулық жағдайының цифрлық бейінін қалыптастыруға негіз болатын Медициналық деректердің бірыңғай қоймасы іске қосылды.

«Біз үшін басты бағдар енгізілген технологиялардың саны емес, олардың пациент үшін практикалық маңызы – медициналық көмектің уақтылығы, қолжетімділігі және сапасы болып қала береді», – деп атап өтті Ақмарал Шәріпбайқызы.

Оның айтуынша, Қазақстанның тағы бір бастамасы отандық жасанды интеллект негізіндегі медициналық шешімдерді бірлесіп сынақтан өткізу және кейіннен тиімділігі жоғары технологияларды ТМҰ елдерінде енгізу мүмкіндігі болып отыр. Қазақстанда инсультті ерте диагностикалауға арналған Cerebra AI және стоматологиялық кескіндерді талдауға арналған AIDENTIS отандық әзірлемелері қазірдің өзінде қолданылуда. Сонымен қатар өкпе және сүт безі обырын ерте анықтауға, көру ағзаларының ауруларын диагностикалауға және дәрігерлердің жұмысын қолдауға арналған жасанды интеллект шешімдері енгізіліп, пилоттық режимде сынақтан өткізілуде.

Министр Қазақстан денсаулық сақтау ведомоствосы санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды цифрландыру, оның ішінде қауіптерді мониторингілеу және болжау үшін цифрлық құралдарды пайдалану тәжірибесін бөлісуге дайын екенін білдірді.

Ақмарал Әлназарова сонымен бірге медициналық алгоритмдерді клиникалық бағалаудың, деректер қауіпсіздігінің және жаңа технологияларды қолдану этикасының бірыңғай тәсілдерін әзірлеу қажеттігін алға тартты.

«Ұсынылған бастамалар түркі мемлекеттері азаматтарының заманауи медициналық технологияларға қолжетімділігін кеңейтуге және денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған», – делінген хабарламада.

Таңбалар: Ақмарал Әлнаазаровамедициналық туризмплатформатүркі мемлекеттері

Ұқсас мақалалар

Қазақстан мен ДДҰ климат өзгерісінің тұрғындар денсаулығына әсерін талқылады
Әлеумет

Қазақстан мен ДДҰ климат өзгерісінің тұрғындар денсаулығына әсерін талқылады

09.10.2026
Көкшетауда елдегі ең ірі медициналық орталықтардың бірі қатарға қосылады
Аймақ

Көкшетауда елдегі ең ірі медициналық орталықтардың бірі қатарға қосылады

01.10.2026
Қазақстан мен Оңтүстік Корея өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
Әлеумет

Қазақстан мен Оңтүстік Корея өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

14.09.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

    Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Ердоған 2028 жылы өтетін Түркия президентін сайлауға қатысады

  • Президент барлық деңгейдегі мәслихаттар өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

  • Берлиннің төрінде Сыр өңірі өнерінің хас шеберлері өнер көрсетті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist