КӨКШЕТАУ. 1 қазан. Көкшетауда Қазақстандағы ең ірі медициналық ортадықтардың бірі бөй көтеруде, қазір құрылыс жұмыстарының 76 пайызы атқарылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Көкшетауда қаланың бес медициналық ұйымын біріктіретін 630 төсектік заманауи көп бейінді аурухананың құрылысы жалғасуда», – делінген хабарламада.
Бұл – жоғары технологиялық диагностика және мамандандырылған медициналық көмек алуға мүмкіндік беретін ірі инфрақұрылымдық жоба. Енді Ақмола облысы мен еліміздің солтүстік өңірінің тұрғындары республикалық орталықтарға бармай-ақ күрделі операцияларды осында жасата беретін болады.
Кеселхананы пайдалануға беру 2027 жылғы мамырға жоспарланған.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова кеше Ақмола облысына жұмыс сапары барысында нысан құрылысы жайын арнайы барып көрді. Қазір онда аяқталған жұмыс көлемі 76%-ға барған. Жылдың соңына дейін көрсеткішті 90%-ын жеткізу межеленіп отыр.
Жаңа аурухана еліміздегі ең ірі медициналық кешендердің біріне айналады. Мұнда әрқайсысы 120 төсектен тұратын онкологиялық және перинаталдық блоктар, 19 операциялық залы бар хирургиялық блок, күндізгі стационар және ауысымына 500 адам қабылдайтын консультациялық-диагностикалық орталық орналасады.
Кешен заманауи медициналық жабдықтармен, оның ішінде үш компьютерлік томографпен, қуаты 3 «Тесла» МРТ аппаратымен, үш ангиографпен және сәулелік терапия жүргізуге арналған желілік үдеткішпен жабдықталады.
Стационарда кардиология, нейрохирургия, неврология, травматология және басқа да бағыттар бойынша медициналық көмек көрсетіледі. Сонымен қатар инсульт орталығы, оңалту бөлімі және пациенттерді шұғыл тасымалдауға арналған тікұшақ алаңы көзделген.
«Бұл – соңғы 15–20 жылдағы Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізіндегі ең ірі жобалардың бірі. Біз үшін құрылысты уақтылы аяқтау ғана емес, аурухананы заманауи жабдықтармен және білікті мамандармен қамтамасыз ету де аса маңызды. Жобаны барлық кезеңде барынша сүйемелдейтін боламыз», – деді Ақмарал Шәріпбайқызы жұмыс сапары барысында.
Жаңа кешен үшін медициналық кадрларды даярлау үдерісі өткен жылы қолға алынды. Аурухана пайдалануға берілгеннен кейін Көкшетаудың қазір ескірген ғимараттарда отырған бес медициналық мекемесі осы мекенгеа көшіріледі. Кешен базасында шамамен 1500 жұмыс орны ашылады.
Министр жұмыс сапары барысында өңірдің медициналық инфрақұрылымын дамыту мәселесіне де ерекше назарға алды. Ақмола облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде 38 нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген. Жыл соңына дейін ауданаралық ауруханаларды жаңғыртуды аяқталуы тиіс.
Бұдан бөлек, өңірде мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігі кеңейтіліп жатыр. Жыл басынан бері мұнда нефрология, гематология және ревматология бөлімшелері ашылды.
Көкшетаудағы аурухананың құрылысы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қолға алынған медициналық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі ауқымды бағдарламаның бір бөлігі болып есептеледі. Биыл еліміз бойынша 50-ден астам денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүріп жатыр. Оларға 108 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған.
USD




