17 Қазан, 04:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақстан мен ДДҰ климат өзгерісінің тұрғындар денсаулығына әсерін талқылады

9 Қазан 2026 11:23
- Әлеумет, Жаңалықтар
Қазақстан мен ДДҰ климат өзгерісінің тұрғындар денсаулығына әсерін талқылады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АВАЗА. 9 қазан. Қазақстан Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен атқарушы директорымен кездесіп, климат өзгерісінің тұрғындар денсаулығына әсері жөнінде пікір алмасты. Бұл туралы министрлік баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, ана мен бала денсаулығын сақтау, сондай-ақ халықты климаттық қауіп-қатерлерден қорғау бағытындағы ынтымақтастықты кеңейтуді көздеп отыр. Бірлескен жаңа бастамалар Қазақстан Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен ДДҰ Еуропа өңірлік бюросы директорының міндетін атқарушы доктор Коринн Капуаноның Түрікменстанның Аваза қаласында өткен кездесуінде талқыланды.

Тараптар климаттың өзгеруінің халық денсаулығына әсерінен қорғау мәселесіне ерекше назар аударды.

Қазақстан ДДҰ және БҰҰ-ның Халық қоныстануы қоры (ЮНФПА) бірлесіп 9 қарашада Антальяда өтетін COP31 халықаралық климаттық конференциясы шеңберінде аптап ыстық, ауаның ластануы және басқа да экологиялық факторлардың адам денсаулығына әсеріне арналған арнайы іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.

Іс-шарада жүкті әйелдер мен балалардың денсаулығын сақтауға, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесінің климаттық өзгерістерге байланысты қауіп-қатерлерге дайындық деңгейін арттыруға ерекше мән беріледі.

Ынтымақтастықтың тағы бір бағыты – 2026–2030 жылдарға арналған «Арал өңіріндегі салауатты болашақ» бастамасын іске асыру.

Кездесу барысында Қазақстанның ДДҰ-ның басқарушы органдарының жұмысына қатысуын кеңейту және денсаулық сақтау саласындағы халықаралық өзара іс-қимылды нығайту перспективалары да талқыланды.

Тараптар 2028 жылы атап өтілетін алғашқы медициналық-санитариялық көмек жөніндегі Алматы декларациясының 50 жылдығына және Астана декларациясының 10 жылдығына дайындық мәселесіне де назар аударды.

Қазақстан ДДҰ-ға медициналық алғашқы көмекті дамытуға, оның қолжетімділігін арттыруға және елдердің арасында тиімді тәжірибемен алмасуға бағытталған халықаралық іс-шаралар бағдарламасын бірлесіп әзірлеуді ұсынды.

Ақмарал Әлназарова ДДҰ-мен әріптестіктің стратегиялық маңызын атап өтіп, халық денсаулығын нығайтуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыруға Қазақстанның мүдделі екенін жеткізді.

Таңбалар: АвазаАқмарал ӘлнаазароваДҰҰ

Ұқсас мақалалар

Қазақстан: Түркі елдерінің медициналық туризмі бірыңғай платформа құруы керек
Әлеумет

Қазақстан: Түркі елдерінің медициналық туризмі бірыңғай платформа құруы керек

02.10.2026
Көкшетауда елдегі ең ірі медициналық орталықтардың бірі қатарға қосылады
Аймақ

Көкшетауда елдегі ең ірі медициналық орталықтардың бірі қатарға қосылады

01.10.2026
Қазақстан мен Оңтүстік Корея өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
Әлеумет

Қазақстан мен Оңтүстік Корея өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

14.09.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

    Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Ердоған 2028 жылы өтетін Түркия президентін сайлауға қатысады

  • Президент барлық деңгейдегі мәслихаттар өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

  • Берлиннің төрінде Сыр өңірі өнерінің хас шеберлері өнер көрсетті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist