17 Қазан, 05:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақстан мен Оңтүстік Корея өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

14 Қыркүйек 2026 14:15
- Әлеумет, Жаңалықтар
Қазақстан мен Оңтүстік Корея өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

СЕУЛ. 14 қыркүйек. Қазақстан мен Кореяның Kyungdong Pharmaceutical компаниясы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы Денсаулық сақтай министрлігі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Бүгін Мемлекет басшысының Корея Республикасына сапары аясында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Kyungdong Pharmaceutical компаниясының бас директоры Ким Кён Хун мырзамен кездесті.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі мен Kyungdong Pharmaceutical компаниясы фармацевтика саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталған Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстанда дәрілік заттар өндірісін оқшаулау, технологиялар трансфері, келісімшарттық өндіріс және бірлескен өндірістік жобаларды құру мәселелерін талқылады.

Министр Қазақстанның фармацевтика өнеркәсібін денсаулық сақтау жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде ғана емес, сонымен қатар инвестиция тартудың, отандық өндірісті дамытудың және жаңа жұмыс орындарын құрудың перспективалы бағыты ретінде де жүйелі түрде дамытып келе жатқанын атап өтті.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның фармацевтикалық нарығының көлемі шамамен 2,5 млрд АҚШ долларын құрады. Фармацевтикалық өнім өндіруге салынған инвестициялар көлемі 142,8 млн АҚШ долларына, ал экспорт көлемі 84 млн АҚШ долларына жетті.

Шетелдік инвесторлар үшін Қазақстанда отандық өндіріс өнімдеріне ұзақ мерзімді кепілдендірілген сұранысты қамтамасыз ету тетіктері, ірі инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдау шаралары, сондай-ақ өндірілген өнімді ЕАЭО және Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің нарықтарына одан әрі шығару мүмкіндіктері қарастырылған.

Реттеуші ортаны жетілдіруге де ерекше назар аударылды. 2026 жылғы ақпанда Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұлттық реттеу жүйесінің кемелдену деңгейінің 3-деңгейіне қол жеткізді. Осылайша, Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші және ДДҰ-ның Еуропалық өңірі елдері арасында бұл деңгейге жеткен төртінші мемлекет атанды.

Алдағы жұмыстың ықтимал модельдері ретінде келісімшарттық өндіріс, өндірісті кезең-кезеңімен оқшаулау және бірлескен өндірістік кәсіпорын құру қарастырылуда.

Қол қойылған Меморандум тараптардың жалпы уағдаластықтардан фармацевтика саласындағы нақты инвестициялық және өндірістік жобаларды іске асыруға көшу ниетін бекітеді.

Таңбалар: Ақмарал ӘлнаазароваКореямеморандум

Ұқсас мақалалар

Қазақстан мен ДДҰ климат өзгерісінің тұрғындар денсаулығына әсерін талқылады
Әлеумет

Қазақстан мен ДДҰ климат өзгерісінің тұрғындар денсаулығына әсерін талқылады

09.10.2026
Қазақстан: Түркі елдерінің медициналық туризмі бірыңғай платформа құруы керек
Әлеумет

Қазақстан: Түркі елдерінің медициналық туризмі бірыңғай платформа құруы керек

02.10.2026
Көкшетауда елдегі ең ірі медициналық орталықтардың бірі қатарға қосылады
Аймақ

Көкшетауда елдегі ең ірі медициналық орталықтардың бірі қатарға қосылады

01.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

    Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Ердоған 2028 жылы өтетін Түркия президентін сайлауға қатысады

  • Президент барлық деңгейдегі мәслихаттар өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

  • Берлиннің төрінде Сыр өңірі өнерінің хас шеберлері өнер көрсетті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist