9 Шілде, 08:07
RAST.kz
USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Қазақ жерлерінде Ресейдің иісі де болған жоқ» – Қазақстан Ресейге жауап берді

3 Шілде 2023 08:35
- Жаңалықтар, Таным
«Қазақ жерлерінде Ресейдің иісі де болған жоқ» – Қазақстан Ресейге жауап берді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 3 шілде. Қазақстан азаматтары РФ-ның «территориялық талаптарына» барынша қатқыл жауап қайтарды. Бұл туралы «Украина 365» телеграм-каналының деректеріне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Қазақтар көптен бері өз жерлеріне көз алартып, тарихи территориялық талаптар қойып келе жатқан Ресей азаматтарына ескерту жасады. Ресей президенті Владимир Путин мен оның әртүрлі жандайшаптары он жылдан астам уақыт бұрын «байырғы орыс жері» («исконная русская земля») дегенді шығарып алып, айналасындағы елдердің территорияларына тиісуді бастап кетті.

Тарихты жете білмеу, сауатсыздық деген осы. Шын мәнінде «исконная русская земля» дейтін аумақ қазір «Ресейдің алтын шеңбері» («Золотое кольцо России») деп аталып жүрген атыраптан, ежелгі Московияның айналасынан аспайды. Ол Псков, Тверь, Ұлы Новгород, Ростов (Дондағы емес – ред.), Владимир, Ярославль, Иваново, Кіші Новгород, Рязань, Курск, Смоленск, Мәскеу қалаларын ғана қамтиды. XV ғасырға дейін бұлардан тысқары алқаптардың бері басқа халықтардың, соның ішінде басым бөлігі түркілер мен угро-финдердің жерлері болған.

Тарихтан белгілі, біртұтас Ресей мемлекеті 1481 жылы ғана пайда болды. Ал, арғы тарихқа бармасақ та, Қазақ хандығы 1456 жылдан бері бар еді. Орал тауларының шығыс бетіне ең алғашқы орыс 1552 жылы Қазан хандығы құлағаннан кейін ғана өтті.

Орыс шовинистерінің көпе-көрнеу салып жүрген лаңдары мен имперлік амбицияларына нақты жауап берген қазақтар XVI ғасырға дейін ежелгі қазақ қоныстарында олардың тіпті иістері де болмағанын айтты. Түбі түркі Ермакты Ресей патшасы бізге қарай тек сол уақытта ғана айдап салған болатын. Оның арғы жағында мұндағы халық тірі орыс көрген жоқ. Бүкіл Батыс Сібір ойпаты, Алтай тауларының бойы, Орынбор мен Аштархан жерлері ежелден қазақтар мекен еткен өңірлер болатын.

«Тек Солтүстік Қазақстан ғана емес, сонымен қатар Батыс Сібір мен Астрахан жерлері. Алтай таулары қашаннан қазақтар жайлаған аумақтар. Көшпелі қазақтар орыстардың иістері де болмаған кездерде осы территорияларды мекен етті. Айта кетейік, Орынбор – қазақтардың бірінші астанасы. Астрахан – ежелгі қазақ тайпаларының жері. Тап сол жақта қазақтың ұлы композиторы Құрманғазы жатыр. Түмен біздің «төмен» деген сөзімізден шыққан, ал Алтай – атам заманнан түркілердің алтын бесігі», – деп тарихтан сабақ берді қазақстандық телеарна жүргізушісі орыстарға.

Еске сала кетейік. РФ диктаторы әрі тиран Владимир Путин 23 мамыр күні сөйлеген сөзінде ресейліктерге кезекті «шындықты» жариялап, КСРО-ға дейін Украинаның болмағанын айтты. Оның пайымынша, тарихи карталарда кездесетін «Украина» деп белгіленген аумақта казактар тұрыпты. Ол Украинаның XVII ғасырда өмір сүргеніне дәлел жоқ деп соқты. Бұған қоса, Қырым бұл картада «Кіші Тартария» деп атап көрсетілген, яғни «татар» (түрік) жұрты тұрғаны анық жазылып тұр, біз Тартарияның тікелей түркі жұрты екенін жақсы білеміз. Ал қазір Санкт-Петербург тұрған аумақ негізі Финляндия жері еді, бірақ ол уақытта фин жұртының өзі Швецияға бағыныста болған. 1939 жылғы кеңес-фин соғысының қорытындысында қазіргі Карелия жерінің бәрі Финляндиядан тартып алынды. Шығыстағы Курил, Сахалин аралдары да Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесі бойынша КСРО-ға өткені де тарихтан белгілі.

«Байырғы орыс жері» хақында дау айтып, талас тудырар болса, тарихи шындықтар таразы басына түскен кезде, орыстар айналасын қоршаған халықтар қай-қайсырынан болса да, тек қирай жеңіледі.

Таңбалар: қазақ жеріПутинтарих

Ұқсас мақалалар

Путин Киев одақтастары арасында соғысты созуға арандатушылар бар екенін айтты
Жаңалықтар

Путин Киев одақтастары арасында соғысты созуға арандатушылар бар екенін айтты

04.07.2026
Путин Лукашенкадан Украинаға қарсы екінші майдан ашуды талап етіп отыр
Жаңалықтар

Путин Лукашенкадан Украинаға қарсы екінші майдан ашуды талап етіп отыр

24.06.2026
Путин Мәскеуге жасалған жойқын дрондар шабуылын елемегендей түр танытты
Жаңалықтар

Путин Мәскеуге жасалған жойқын дрондар шабуылын елемегендей түр танытты

19.06.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

    Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

  • БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗБАСАРЫ

  • НОҒАЙ АРУЫ

  • Украина Ярославльдегі МӨЗ-ге және Петербург порттарына шабуыл жасады

  • Соғыстағы стратегиялық сауаттылық сапаға соқпақ салады

  • Қадыровтың кісі өлімін әкелген апатқа кінәлі ұлы жол полициясынан медаль алды

  • Еркін форматтағы жүздесуде жастар саясатының басыңқы бағыттары талқыланды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist