18 Қазан, 16:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

ҚАЗАҚ БОЛУДЫ ҚЫЗЫЛОРДАДАН ҮЙРЕНСЕК…

(Сапардан соңғы бір түйір ой)

24 Мамыр 2023 16:54
- Тіршілік
ҚАЗАҚ БОЛУДЫ ҚЫЗЫЛОРДАДАН ҮЙРЕНСЕК…
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Өткен апта ішінде жастығымның куәсі, өзім алғашқы еңбек жолын бастаған Сыр еліне сапарлап қайтқан жағдайым бар. Негізгі бару жоспарым өз алдына, мені әп дегеннен қызықтырып әкеткен бір жайт – Қызылордадағы жан жадыратар шынайы мінез қазақшылық! Бұрын қалай байқамағам? Сонда нені байқады дейсіз бе? Айтайын.

Біріншісі – мұнда тұрып жатқан халықтың қай-қайсысы да (арасында корей, орыс, өзбек, әзербайжан, ұйғыр, т.б. бар) сенімен тек қазақ тілінде сөйлеседі, қазақша сұрағыңа қазақша жауап аласың. Тіпті бір корей мәзірін әзірлейтін мейрамханаға  ас ішу үшін кіріп, қасымдағы серігім корей қызына орысша сөйлеп қалып, қазақша жауап қатқанда қатты қысылды. Өз ойымша, осы әртүрлі ұлт өкілдері қазақша үйрену үшін арнайы курс (Астана, басқа да ірі қалалардағы сияқты) жағалаған жоқ шығар, ә? Тіл білу үшін өзің тұрып жатқан елдің ана тіліне құрметпен қарау жеткілікті!

Екіншісі – адамдарының ынсапкершілігі. Таксиге әлденеше рет мініп-түстік. Қай жерге жеткіз десең де – бағасы 500 теңге! Тіпті, асыққан сәтте «Яндекспен» шақырған такси де үстіне небәрі 20 теңге қосып айтты. Ал мына біз тұрып жатқан Астанада ше? Кейде таяқ тастам жерге жеткізе сал десең, мың теңгеден түспей тұрып алады ғой. Қанағаттан әлдеқашан қара үзіп кетіп қалған қаламыз ба, әлде? Адамға деген құрметті аяқ асты еткен қаламыз ба, әлде?..

Үшіншісі – қаланың тазалығы. Қай көшемен жүрсең де, қай бұрышқа көз салсаң да, жинақылық пен тазалық көзге бірден ұрады. Айнадай таза көшемен жаяу жүру де көңілге қуаныш ұялатады екен. Кетіп бара жатып оңды-солды түкіру немесе темекі тұқылын ойына келген жерге лақтыру секілді жағымсыз әрекеттерді мүлде байқамадық. Мұндай адами әдеп үшін де арнайы курстан өту қажет пе?

Төртіншісі – қала адамдарының мейірімділігі. Үлкені бар, кішісі бар – қайсысымен тілдесіп, сауал берсең де қабақ шытпайды, білгің келгенді асықпай түсіндіреді. Дүңк ете қалатын дөрекілік жоқ. Алақ-жұлақ, асығыс мінез байқамадық. Демек, қала тұрғындарының көңілі тоқ, ойы орнықты. Билікке де, тірлікке де дән риза!

Бесіншісі – қала ішіндегі транспорт қозғалысындағы реттілік пен тәртіптілік. Осы жолы ешкімге хабарласпай, өзімізше елеусіздеу қонақ үйге орналасып, ара-тұра қоғамдық көлікке де мініп байқадық. Бірін-бірі қуып, баса-көктеп, сигнал басып, бақыра айқайлап, жөн-жосықсыз дауыс көтерген автожүргізушіні көрмедік. Жүйкесі жұқармаған дейсіз бе? Әбден мүмкін. Сол жүйкені өз қаламызда өзіміз жұқартып жатқанымызды ойлаймыз ба біз?

Ұзын сөздің қысқасы, ұлтын ұлағаттай білген, тілі мен дәстүрін қастерлеген, нағыз жайсаң, жомарт мінез, өзгеге мейірі төгіліп тұратын, артық сөзге жоқ, басқаға жақсылық жасауға ынтық нағыз қазақ болғымыз келсе, шамасы, Қызылордадан үйренсек те болар!

Қайтып келе жатып, ұшақ үстінде осы ойдан арыла алмадық, не керек!…

Жолтай ЖҰМАТ-ӘЛМАШҰЛЫ

Астана

24.05.2023 жыл

Таңбалар: қазаққалаҚызылорда

Ұқсас мақалалар

Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді
Әлеумет

Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

10.10.2026
Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды
Аймақ

Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды

09.10.2026
Қызылордалықтар Қала күнінде қоныс тойын тойлады, оларға 168 пәтер берілді
Аймақ

Қызылордалықтар Қала күнінде қоныс тойын тойлады, оларға 168 пәтер берілді

09.10.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist