17 Қазан, 19:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазалы ауданының орталығында да спорт кешені қатарға қосылды

22 Шілде 2026 16:44
- Аймақ, Жаңалықтар
Қазалы ауданының орталығында да спорт кешені қатарға қосылды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ӘЙТЕКЕ БИ. 22 шілде. Бүгін Қызылорда облысы Қазалы ауданының орталығын – Әйтеке би кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеумбетов Қазалы ауданына сапары барысында Ақтан батыр, Жанқожа батыр, Бекарыстан би, «Майдакөл» және Ү.Түктібаев елді мекендерінің тұрғындарымен кездесті.

Кездесуге жиналған жұртшылық ұсыныс-пікірлерін айтып, әлеуметтік, инфрақұрылымдық жобалар туралы сауалдарын қойды.

Бұдан кейін аймақ басшысы Әйтеке би кентінде бой көтерген жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылу рәсіміне қатысты.

«Бүгінде өңірімізде Мемлекет басшысының қолдауымен ауылды дамыту, аймақтардың әлеуетін арттыру, тұрғындардың өмір сапасын жақсарту, кәсіби және бұқаралық спортты дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Міне, өздеріңізбен бірге «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында салынған Әйтеке би кентіндегі кезекті дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылу рәсіміне куә болып отырмыз. Мұнда қазақ күресі, үстел теннисі, волейбол, футбол, гандбол, баскетбол, дзюдо сынды спорт түрлерімен айналысуға барлық жағдай жасалған. Нысанда бір күнде 150 спортшы жаттыға алады. Жаңа спорт кешені дені сау ұлтты қалыптастыруға қызмет етіп, осында жаттығушылар арасынан әлемдік ареналарда Тәуелсіз Қазақстанның көк Туын көкте желбірететін чемпиондар шығады деп сенеміз», – деді аймақ басшысы.

Шарада ҚР спорт шебері, бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы Зарина Толыбай, еңбек ардагері Әлімбай Қасқырбай сөз сөйлеп, ел ағасы Самұрат Имандосов бата берді. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар, спорт кешенін салған мердігер мекеме өкілдері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Жыл басында Қазалы ауданының Бекарыстан би ауылында да дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылған болатын. Жалпы, ауданда спортпен шұғылданушылар саны 35 мыңнан асты.

Спортшылар халықаралық турнирлерден 3 алтын, 7 күміс, 6 қола медаль, Қазақстан чемпионаттарынан 14 алтын, 19 күміс, 27 қола жүлде иеленді.

 

Таңбалар: кездесуҚазалы ауданыспорт кешені

Ұқсас мақалалар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинамен кездесті
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинамен кездесті

28.09.2026
DW эксклюзиві: Зеленський Путинге Майамиде кездесуді ұсынды
Жаңалықтар

DW эксклюзиві: Зеленський Путинге Майамиде кездесуді ұсынды

12.09.2026
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Қытайдың Қазақстандағы елшісімен кездесті
Дәулет

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Қытайдың Қазақстандағы елшісімен кездесті

12.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist