КИЕВ. 12 қыркүйек. Украина президенті Володимир Зеленський РФ диктаторы Владимир Путинді Майамиде кездесуге шақырды. Бұл туралы Deutsche Welle ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Зеленський Deutsche Welle радиосына берген сұхбатында Украинаның қазір күшті келіссөз позициясында тұрғанын, егер Ресей лидері Майамиге келе алатын болса, өзі онымен сонда өтетін G20 саммит кезінде кездескісі келетінін айтты.
Украина президенті желтоқсан айында өтетіні жоспарланып қойылған «Үлкен жиырмалықтың» Майамидегі саммитіне Владимир Путин келе алатын болса, онымен сол жерде бетпе-бет кездескісі келетінін жеткізді.
«Иә, әрине. Біз келуге тиіспіз. Біз кездесіп, сөйлесіп, шешім қабылдауға тиіспіз. Мәселе сөзде емес. Менің оған не айтатыным немесе оның маған не айтқысы келетіні маңызды емес. Тек нәтиже ғана маңызды. Міне, бар болғаны сол», – деді ол DW тілшісі Миша Комадовскийге жұма,11 қыркүйек күні Канада Қарулы күштерінің Норт-Бейдегі базасына барған кезде берген сұхбатында.
Зеленський мен Путин 2022 жылдың ақпанында Ресей Украинаға толық күшпен басып кіргеннен кейін жеке кездескен жоқ.
USD




