13 Қараша, 05:11
RAST.kz
USD USD 443.62 ₸
EUR EUR 492.24 ₸
RUB RUB 5.36 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазалы ауданының екі іргелі елді мекеніне «көгілдір отын» келді

12 Қараша 2026 18:51
- Аймақ, Жаңалықтар
Қазалы ауданының екі іргелі елді мекеніне «көгілдір отын» келді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ӘЙТЕКЕ БИ. 12 қараша. Бүгін Қызылорда облысындағы екі ауылдың тұрғындары табиғи газдың игілігін көре бастады. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев Қазалы ауданына жұмыс сапары кезінде Жанқожа батыр және Ү.Түктібаев ауылдарына газ қосу рәсімінде болды. Осыған арналған жиынға құқық қорғау органдарының бірінші басшылары мен зиялы қауым өкілдері де қатысты.

Аймақ басшысы ауыл тұрғындарын көптен күткен игіліктің іске асуымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

«Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Ауыл – біздің алтын бесігіміз. Ауылдағы тіршілік сапасын жақсартпай, жалпы ұлттық дамуды елестету мүмкін емес» деген болатын. Бүгін Жанқожа батыр және Ү.Түктібаев ауылдарын «көгілдір отынға» қосып жатырмыз. Бұл игілікті іс

Президентіміздің, Үкіметтің қолдауымен орындалып отыр. Жалпы, өңіріміздің барлық саласында осындай серпінді жобалар жүзеге асып, әлеуметтік-экономикалық даму бағытында оң тенденция қалыптасты. Тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін баспанамен қамту, инфрақұрылымды қайта жаңғырту қарқын алды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен барлық елді мекенге 100 пайыз сапалы ауыз су жеткізілді.

Қызылорда қаласында «Aksa Energy» компаниясы 215 млрд теңгеге қуаттылығы 240 мегават жаңа жылу электр орталығын салып, бүгінде ел игілігіне қызмет етуде. Сондай-ақ 1,5 мың шақырымдық «Бейнеу-Шымкент» газ құбырының екінші желісі жоспарлануда. Газ құбырына 3 трлн теңге бөлінеді, оның 1,7 трлн теңгеге салынатын 846 шақырымы облыс аумағынан өтеді», – деді Мұрат Ергешбаев.

Рәсімде ел ағалары Әлімбай Қасқырбай, Берік Бисембаев сөз сөйлеп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Өңірде 2022-2025 жылдар аралығында 65 млрд теңгеден астам қаржыға 77 жоба жүзеге асты. Былтыр 18 жобаға 17 млрд теңгеден астам қаражат бөлініп, 11 елді мекенге газ келді. Аймақта газдандыру деңгейі 83 пайыз болды.

Жыл соңына дейін тағы 10 елді мекен тұрғындары газ игілігін көріп, халықты қамту деңгейі 85 пайыздық межеге жетеді.

Бұдан бөлек, «ҚазақГазАймақ» акционерлік қоғамының инвестициялық бағдарламасы аясында 10 млрд теңгеге 6 елді мекенді газдандыру жоспарланған.

Таңбалар: көгілдір отын. екі ауылҚазалы ауданы

Ұқсас мақалалар

Қазалы ауданының орталығында да спорт кешені қатарға қосылды
Аймақ

Қазалы ауданының орталығында да спорт кешені қатарға қосылды

22.07.2026
Қызылорда облысында «Қарлан» көпірінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр
Аймақ

Қызылорда облысында «Қарлан» көпірінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

20.07.2026
Қазалы жастары «сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» екенін мәлімдейді
Жаңалықтар

Қазалы жастары «сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» екенін мәлімдейді

31.07.2023

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • СЫРБАЗ

    СЫРБАЗ

  • АРАЛ, НҰРТУҒАН, НЕГИМОВ ЖӘНЕ АМАНЖОЛ…

  • Қызылордада Сахи Романовтың 100 жылдығына орай өткен суретшілер симпозиумы аяқталды

  • Қазалы ауданының екі іргелі елді мекеніне «көгілдір отын» келді

  • Трампты қандай тағдыр күтіп тұр?

  • Сырдария ауданында жүгері кептіру мен сақтау кешені пайдалануға берілді

  • Нейрохирургтер сирек ми патологиясы бар балаға бірегей операция жасады

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 443.62 ₸
EUR EUR 492.24 ₸
RUB RUB 5.36 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist