27 Тамыз, 00:08
RAST.kz
USD USD 458.87 ₸
EUR EUR 535.09 ₸
RUB RUB 5.42 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Путин бұдан былай Арменияға барса, бірден қамауға алынады

24 Наурыз 2023 23:39
- Жаңалықтар, Құқық
Путин бұдан былай Арменияға барса, бірден қамауға алынады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ЕРЕВАН. 24 наурыз. Арменияның Конституциялық соты Рим статутын ратификациялауды қолдады, осыған байланысты Путин енді бұл елге баруға тәуекел ете алмайды. Бұл туралы шетел таблоидтарының мәліметіне құлақ түрген rast.kz хабарлайды.

Ереван жақында РФ диктаторы Владимир Путинді қамауға алу жөнінде ордер жазып берген Халықаралық қылмыстық соттың (ХҚС) құзыретін мойындайтынын білдіріп, бұрын өзі қол қойған Рома (Рим) статутын ратификациялауға кірісіп кетті.

«Халықаралық қылмыстық соттың Рома статутында бекітілген міндеттерін Конституцияға сәйкес шешу мәселелері туралы» деп аталатын құжат бүгін Армения Конституциялық сотының ресми сайтында жарияланды. Соттар Рома статутының Армения Конституциясы талаптарына толық сәйкес келетінін мойындады. Шешім өзінің заңды күшіне енді, ол бұдан әрі талқылауға жатпайды.

Атап өтуіміз керек, Халықаралық қылмыстық сот өткен аптада Ресей диктаторы Владимир Путинді тұтқынға алу жөнінде өмір бойғы (мәңгілік) ордер жазып берді. Кремльдің қожайыны мен оның балалар құқығын қорғау жөніндегі өкілі Мария Львова-Беловаға  соғыс барысында украин балаларын ұрлаған соғыс қылмыскерлері ретінде іздеу жарияланды.

ХҚС күдіктілерді сыртынан соттамайды, яғни Путин мен Львова-Белова қолға түсіп, Гаагаға жеткізілгеннен кейін ғана оларды соттау процесі басталады.

Айта кетейік, Путин Арменияға соңғы рет 2022 жылдың қарашасында барып қайтқан-ды.

Мәскеу мен Ереванның арасындағы қарым-қатынас соңғы жылдары Қарабақтағы соғыс фонында күрт нашарлай бастады, бұған РФ-ның өз одақтасына әскери көмек көрсетуден бас тартуы басты себеп болды.

Ескерту!  

rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жасаушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.

 

Таңбалар: АрменияратификацияРома сатуты

Ұқсас мақалалар

Армения бас прокуратурасы экс-президент Кочарянның үстінен іс қозғады
Жаңалықтар

Армения бас прокуратурасы экс-президент Кочарянның үстінен іс қозғады

25.08.2026
Армения шетелде тұратын азаматтарының дауыс беруіне тыйым салды
Жаңалықтар

Армения шетелде тұратын азаматтарының дауыс беруіне тыйым салды

04.07.2026
ЕО Арменияны қолдау үшін шұғыл сауда шаралары пакетін дайындап жатыр
Дәулет

ЕО Арменияны қолдау үшін шұғыл сауда шаралары пакетін дайындап жатыр

17.06.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.87 ₸
EUR EUR 535.09 ₸
RUB RUB 5.42 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist