13 Шілде, 21:07
RAST.kz
USD USD 477.11 ₸
EUR EUR 545.58 ₸
RUB RUB 6.2 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

ЕО Арменияны қолдау үшін шұғыл сауда шаралары пакетін дайындап жатыр

17 Маусым 2026 23:49
- Дәулет, Жаңалықтар
ЕО Арменияны қолдау үшін шұғыл сауда шаралары пакетін дайындап жатыр
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

БРЮССЕЛЬ. 17 маусым. Еуропа одағы Арменияға қолдау көрсету мақсатында шұғыл сауда шараларының пакетін әзірлеуге кірісті. Бұл туралы The Moscow Times ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Еуропа одағы Ресей тарапынан Хайастан тауарларын импорттауға қойылған шектеулерден кейін шұғыл сауда шараларының пакетін дайындай бастады, олар армян елін қиын жағдайдағы тығырықтан шығарып жіберуге арналады.

Financial Times газеті Брюссельдің жоспарларымен таныс мәнбелерге сүйене келіп, Еурокомиссия армян ауылшаруашылық және азық-түлік өнімдерін жеткізуге баж салығын төмендететін сауда шараларын әзірлеп жатқанын жазды. Мәтбұғат сұхбаттасушыларының айтуынша, шаралар Ресейдің шектеулеріне ұшыраған 20 тауар санатының көпшілігіне оң әсер етеді. Бұл экспорттың құны жылына 420 миллион еуроға бағаланады.

Жаңа шараларды әзірлеу бірқатар қиындықтарға тап болады. Ft дереккөздері армян коньяктарын жеткізуді қолдаудың тосын мәселе тудыратынын ашып айтты, өйткені Еуропада француз коньяк өндірісінің маңызы өте зор, ол өзіне бәсекелес пайда болғанына келісе қоймайды. Түркия немесе Грузия арқылы тез бұзылатын өнімдердің логистикасы қосымша проблема болып қала береді.

Сауда шаралары алдағы апталарда ұсынылуы мүмкін. Оларды қабылдау үшін Еуропа одағы мен Еуропарламенттің көптеген елдерінің мақұлдауы қажет. Ft дереккөздерінің хабарлауынша, бұл мәселені ЕО Сыртқы істер министрлері Армения СІМ басшысымен Люксембургтегі кездесуде талқылаған. Еуропа одағының өрісті кеңейту жөніндегі комиссары Марта Кос келесі айдың басында Арменияға баруды жоспарлап отыр.

7 маусымдағы парламент сайлауына дейін Ресей армян өнімдерінің импортына үнемі шектеулер енгізген еді. Алдымен фитосанитарлық талаптарды сылтауратып, гүлдерге тыйым салынды. Содан кейін шектеулер минералды суға, шарапқа, коньякқа, жемістерге, көкөністер мен балықтарға таралды. Дауыс беруден үш күн бұрын ЕО Арменияға қаржылық көмек бөлу және бұрын Ресей нарығына жеткізілген мыңдаған гүлдерді сатып алу туралы ұсынысын жариялады.

Ресей тарапынан қатты қысым болғанына қарамастан, Пашинян партиясы сайлауда жеңіске жетті. Оның айтуынша, Еуропа одағы Арменияға ауыл шаруашылығы өнімдерінің бажсыз саудасын уәде еткен.

Таңбалар: АрменияЕуропа одағысауда пакеті

Ұқсас мақалалар

Армения шетелде тұратын азаматтарының дауыс беруіне тыйым салды
Жаңалықтар

Армения шетелде тұратын азаматтарының дауыс беруіне тыйым салды

04.07.2026
Армения Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың ақырғы нәтижелерін жариялады
Жаңалықтар

Армения Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың ақырғы нәтижелерін жариялады

15.06.2026
Еуропа одағы Украинамен және Молдовамен келіссөздерді бастады
Дәулет

Еуропа одағы Украинамен және Молдовамен келіссөздерді бастады

13.06.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қазақтың белгілі ақыны, аудармашы Нұртас Исабаев өмірден өтті

    Қазақтың белгілі ақыны, аудармашы Нұртас Исабаев өмірден өтті

  • «Әділет» партиясы Құрылтай депутаттығына кандидаттардың тізімін жариялады

  • Журавлев «нацизмді» ауыздықтау үшін Украина халқының жартысын жоюды ұсынды

  • Боксшы Теміртас Жүсіповтің сұрапыл соққыларынан соң әйелі ауруханаға түсті

  • Мұрат Әбенов: Сүлейменованы сүріндіру операциясы сәтсіз аяқталады

  • Қазақстан ресейліктердің шекарадан өтулеріне қарсы жаңа шектеулер енгізді

  • Конституциялық сот Тоқаевтың қайта сайлауға түсуге құқылы екенін дәлелдеп берді

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 477.11 ₸
EUR EUR 545.58 ₸
RUB RUB 6.2 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist