17 Қазан, 16:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Пригожин 10 мамырда «Вагнердің» майданнан кететінін мәлімдеді (видео)

5 Мамыр 2023 18:57
- Жаңалықтар, Тіршілік
Пригожин 10 мамырда «Вагнердің» майданнан кететінін мәлімдеді (видео)
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 5 мамыр. «Вагнер» жеке әскери компаниясының негізін қалаушы Евгений Пригожин 10 мамыр күні майдан даласынан шығатындарын баяндады. Бұл туралы ресейлік ресурстар деректеріне сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Осыған байланысты «Путиннің аспазы» РФ бас қолбасшысына (Путин), қорғаныс министріне (Шойгу) видеоүндеу жолдады.

Оның өз әскерлері снаряд тапшылығын көріп келе жатқанын айтып, дабыл қаққанына біраз уақыт болып қалды.

«Вагнер» жеке әскери компаниясының жалдамалылары «снаряд аштығы» салдарынан 10 мамырда Бахмутты қалдырып, «жараларын жалау үшін» тылға аттанады», – деп мәлімдеді Евгений Пригожин.

«Мен ресми түрде хабарлаймын: менің жігіттерім Бахмутта оқ-дәрісіз қырыла бермейтін болады. Сондықтан 10 мамыр күні біз Бахмут елді мекенінен шығамыз. Бізге 45 шақырымнан қалғаны екі шақырымдай ғана еді. Бірақ егер ресейліктерді Бахмуттың алынғанымен қуантқыларың келмесе, онда бұл – өз проблемаларың», – деді ол.

Пригожиннің айтуынша, вагнершілер 9 мамырға қарай Бахмутты басып алмақшы болған екен, алайда «әскерилер маңайындағы тоңмойындар» іс жүзінде «біздің мұны жасай алмауымыз үшін» 1 мамырдан бері оқ-дәрі жеткізіп тұруды мүлде тоқтатқан.

«Жалдамалылар оқ-дәрінің жоқтығынан «мағынасыз өлімге» ұшырар еді», – деп атап өтті Пригожин.

Ол сондай-ақ жауынгерлерінің Ресей халықтары жеңіс күніне дақ түсірмеу үшін 9 мамырға дейін ғана соғысты жалғастыратынын, содан кейін кететіндерін баяндады.

Айтуынша, ЖӘК содырлары қазірге дейін майдан шебінде 400 күн болған. Команда 2022 жылдың 19 наурызынан бері осында жүр.

Пригожин Қорғаныс министрлігінің өздерін қасақана «снаряд аштығына» отырғызып қойғанын айтты. «Қоймаларда толып жатқан оқ-дәрілерді бергізбей, бізді әдейі тапшылыққа душар етіп отыр. Біз өзімізге қажетті мөлшердің 30 пайызын ғана алып тұрдық, сондықтан шығынымыз көп болды», – деді ол.

ЖӘК Бахмуттан кеткеннен кейін тылдағы лагерьде тынығады. «Ресей халқының қажетіне керек болғанша сонда отырамыз», – деді Пригожин.

https://youtu.be/jWfnymua0Gg

Бұдан бұрын Пригожиннің баспасөз қызметі «Вагнер» ЖӘК құрылтайшысы ондағн жауынгер мәйітінің жанында тұрып, Ресейдің әскери басшылығын боқтап тұрған видеоны жариялаған болатын.

Таңбалар: Евгений Пригожинсоғысүндеу

Ұқсас мақалалар

Лукашенка армияның соғысқа қаншалықты дайын екенін тексеруді бұйырды  
Жаңалықтар

Лукашенка армияның соғысқа қаншалықты дайын екенін тексеруді бұйырды  

12.09.2026
Мәскеу жақтан бір дабыл күтеді жұрт…
Жаңалықтар

Мәскеу жақтан бір дабыл күтеді жұрт…

05.09.2026
Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты
Дәулет

Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты

16.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist