КИЕВ. 20 қазан. Украина президенті Володимир Зеленський АҚШ президенті әкімшілігінің соңғы кездердегі әрекеттері Украинаны басқыншылар алдында капитуляция жасауға бағытталып тұрғанын айтты. Бұл туралы Deutsche Welle (DW) ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
«Дональд Трамптың соңғы күндердегі саясаты Украинаны Ресей басқыншылығына қарсы тұрудағы қимылдарын тоқтатып, капитуляция жасауға бағытталып тұр», – деді Зеленський 18 қазан күні Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында.
Украина президентінің айтуынша, АҚШ Конгресінде аралық сайлаулардың алдындағы уақытта, 3 қарашада Киев үшін «өте қауіпті күндер» басталатыны баяндалған. «Сайлау алдындағы саясат өте қатқыл болады, – деді Зеленський. – Мен мұны агония деп ойлаймын., бірақ сайлаудан кейін де өмір жадғасады, мен оның қалыпты қалыпқа келеріне сенемін».
Оның айтуынша, АҚШ билігі қазір Украина үшін Starlink байланыс жүйесінің «соғысқа арналған пакеті» – Starshield жылдамдығын Patriot әуе қорғанысы жүйесіндегі соққыларға кедергі келтіру мақсатында қасақана төмендетіп отыр.
«Мен мұның бәрі Украинаға тізе бүгуден басқа жол қалмағанына көз жеткіздіру үшін әдейі істеліп отыр деп санаймын, – деді Зеленський. – Мен мұны біздің әріптестеріміз көздеп отырған мақсат деп айтпаймын. Мен америкалық әріптестеріміз соғысты Украинаның есебінен ерте тоқтатуға мүдделі деп те ойламаймын. Бірақ қазіргі көрініс соны көрсетіп отыр».
Зеленский Трамп пен Путиннің «арасында шындығында да жақсы қарым-қатынас бар» деп есептейтінін, «бірақ әлдененің әлі олар ойлағандай болмай» жатқанын айтты.
Украина Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Starshield жұмысына шектеу қоюшылық 14 қазанда басталған.
USD




