18 Қазан, 12:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Пригожиннің ұшағы таңертең Минскідегі әскери аэродромға келіп қонды

27 Маусым 2023 14:12
- Жаңалықтар, Тіршілік
Пригожиннің ұшағы таңертең Минскідегі әскери аэродромға келіп қонды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МИНСК. 27 маусым. Ресейлік «Вагнер» ЖӘК-тің негізін қалаушы Евгений Пригожиннің бизнес-джеті бүгін таңертең Минск қаласына келгені белгілі болды. Бұл туралы «Белсат» дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Беларускі Гаюн» телеграм-каналының хабарлауынша, RA-02795 тіркеу нөмірлі ұшақ бүгін, 27 маусым күні таңертең 07:40 сағатта Минск түбіндегі «Мачулищи» әскери аэродромына келіп қонған.

Алайда бұл әуе кемесінің ішінде Евгений Пригожиннің болған-болмағаны белгісіз.

Мұның алдында біз Ресейде федералды қауіпсіздік қызметінің «Вагнердің» командирі үстінен қозғалған қылмыстық істі қолға алып, тергеуді бастап кеткенін жазғанбыз. Сол сияқты Пригожиннің осы күндері Мәскеу облысының «Железнедорожный» елді мекенінде орналасқан №35533 әскери бөлім территориясындағы арнайы оқшаулағышта қамауда отырғанын да баяндаған болатынбыз.

Пригожиннің ұшағымен бірге Ресейден тағы бір лайнер – RA-02878 тіркеу нөмірі бар Вае 125 – 800В бизнес-джеті ұшып келген. Ол Санкт-Петербургтен ұшып шығып, 07:58 сағатта «Мачулищиге» келіп жеткен.

Ресейдің «ЧВК-ОГПУ» телеграм-каналы 26 маусым күні кешке «Вагнер» ЖӘК колоннасының Беларусь территориясына кіріп қойғанын хабарлаған еді. Бірақ басқа мәнбелер мұны әзір растай қойған жоқ.

Ал Евгений Пригожиннің Беларуське баратынын 24 маусым күні кешке «Вагнер» колоннасы Мәскеуге 200 шақырым қалғанда жорығын тоқтатып, келген ізімен кері қарай қайта бастаған кезде Путиннің жазарманы Дмитрий Песков мәлімдеген болатын.

Ресей диктаторы Владимир Путин кеше, 26 маусым күні екі кештің арасында эфирге шығып, 5 минуттық үндеуін оқып тұрғанында бүлікке қатысқандардың бәріне де Ресейден кетіп қалуға рұқсат берілетінін айтты.

«Кетем дегендердің бәрі Белауське кете берсін», – деді Путин.

Сондай-ақ 26 маусым күні Ресейдің «Вёрстка» басылымы өзінің Беларусьтің Осипович қаласы түбіндегі орман шаруашылығындағы мәнбесіне сілтеме жасап, сол жерде «Вагнер» ЖӘК содырларына арналған әскери лагерь салынып жатқанын баяндады.

Таңбалар: минскПригожинұшақ

Ұқсас мақалалар

FlyArystan ұшағында бір ауыз артық сөзі үшін қария жазаға тартылды
Жаңалықтар

FlyArystan ұшағында бір ауыз артық сөзі үшін қария жазаға тартылды

04.09.2026
Министр Әлназарова ұшақта науқас жолаушыны құтқарып қалды
Әлеумет

Министр Әлназарова ұшақта науқас жолаушыны құтқарып қалды

27.11.2025
АҚШ Еуропаға ядролық бомбалаушы ұшақтарын әкеп қойып жатыр
Жаңалықтар

АҚШ Еуропаға ядролық бомбалаушы ұшақтарын әкеп қойып жатыр

12.02.2025
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist