19 Қазан, 02:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Полицейлер өз жендеттерін ұстауға қарсылық білдіруге шықты

10 Ақпан 2022 09:28
- Жаңалықтар, Құқық
Полицейлер өз жендеттерін ұстауға қарсылық білдіруге шықты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ТАЛДЫҚОРҒАН. 10 ақпан. Алматы облысы жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі ғимаратының алдында полицейлер қарсылық қозғалысын өткізіп жатыр. Бұл туралы Qazaq Elmar телеграм-каналы хабарлады.

Олар мұнда шеруге қатысушыларды айрықша азаптап, қорлағандары үшін тұтқынға алынып жатқан өз әріптес полицейлерін қорғап қалу мақсатында жиналды.

«Алматы облысы жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі ғимаратының алдына Алматы облысы полиция департаменті жедел бөлімінің қызметкерлері жиналды. Олар осылайша тұтқынға алынған азаматтарға айрықша азар беріп, азаптаған Алматы облыстық полиция департаменті криминалды полиция басқармасының қызметкері А. Кенжебаевтың қамауға алынуына қарсылық білдіруде. Полиция қызметкерлері ол босатылмаған жағдайда өздерінің жаппай қызметтен кететіндерін мәлімдеуде. Оқиға орнына Алматы облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Е. Әбдікенов келді», – делінген хабарламада.

Телеграм-канал бұдан әрі «шын мәнінде бір-бірінің артын жабушылыққа құралған ұйымдасқан сыбайластық. Бұл полицейлер біздің азаматтарды ұрып-соғып, азаптауға өздерінің де толық қатыстары болғандықтан келіп отыр. Кетсе – жолдары ашық!», – деп мәлімдейді.

Белгілі журналист Ермұрат Бапи оны «Президент Тоқаевтың саясатына саботаж жасаудың ұйымдасқан қылмыстық, сыбайлас түрі», – деп бағалады. «Бұл полицай-хайуандарды қолдап, қолтығына су бүркіп отырған полковниктер мен бірер генерал жоғарыда отырғаны анық», – деп жазады ол бұдан әрі.

Әлеуметтік желіде қазір осы оқиға қызу талқыланып жатыр. Солардың бір парасы былай дейді:

«Их не увольнять нужно, а задержать и судить по всей строгости закона!»

«Алды-арттарына бір уыс топырақ. Түп қопарылып, түк қалмай кетсе де мейлі!»

«Всех кто вышел на этот митинг под карандаш».

«Кете берсін. Қылмыстары ашылып қалудан қорқып отыр ғой».

«Бұларға қарсы ОМОНды салу керек, дубинкаларымен ұрып соғып, газ гранаталарымен уландырып қусын мына сүмелектерді. Өз бастарына келіп, көрсін бейбіт митингке шыққан адамдардың азабын».

«Почему только одного задержали вот в чем вопрос, я так понимаю среди тех кто вышел много кандидатови они предпринимают превентивные меры».

«Всех кто вышел в поддержку тоже судить нужно, значит у них руки в крови».

«Алғашында «кек алу» жөнінде полицайларға команда берген министр Ерлан Тұрғымбаев деген ақпарат бар. Ол солдафон-генерал «стрелять на поражение» деген команданы малданып отыр. Вот в чем проблематика вопроса!»

«Надо их всех зафиксировать».

«Сразу в камеру всех».

«Бұларды соттау керек және аты жөнін газет, телевизордан көрсетіп, адамдарды зорлап, қинағандардын бәрін аямай қамау керек. Малға да зорлық жасаса да соттайды».

«Жұмыстарынан кетсін, бұлардың бәрі сау емес. Саакашвилидің әдісін қолдану керек».

«Шетінен қамау керек жауыздарды!»

Осылай жалғасып кете береді. Бұл полицейлерді қолдап-қорғап жатқан ешкім жоқ.

Өкінішке қарай, тірліктері күмәнді полицейлердің бұл әрекетін «офицерлер Тоқаевқа және оның билігіне қарсы шығып жатыр» деп ұрандап, халықты теріс жолға салып жібергісі келіп жатқан телеграм-каналдар да бар. Олар осы жендет-полицейлерді ұлт қаһарманы етіп көрсетуге күш салуда. Арандап қалмай, осыдан абай болған жөн шығар.

Таңбалар: Алматы облысыполицейлерсаботаж

Ұқсас мақалалар

Нұрлыбек Нәлібаев Алматы облысының жолдары жағдайымен танысты
Әлеумет

Нұрлыбек Нәлібаев Алматы облысының жолдары жағдайымен танысты

10.10.2026
Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі болып тағайындалды
Әлеумет

Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі болып тағайындалды

04.09.2026
Тоқаев Алматы облысындағы елді мекендердің басты мәселелерін атады
Аймақ

Тоқаев Алматы облысындағы елді мекендердің басты мәселелерін атады

03.06.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist