САНТЬЯГО. 17 шілде. Чили билігі осы елге турист ретінде арнайы келіп, босанып жатқан орыс әйелдерінен туған нәрестелерге беріліп қойылған азаматтықты қайтарып алуға кірісті. Бұл туралы The Moscow Times ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Чили билігі елде орыс ата-анасынан туған балалардың азаматтығын жаппай жоюды бастады.
CIPER Chile мәліметі бойынша, азаматтық тізіміндегі кәмелетке толмаған 62 баланың жазбалары жойылған. Наурыз айында Ұлттық көші-қон қызметі «транзиттік шетелдік» мәртебесі бар ата-аналардан туған балаларды Чили азаматы етіп тіркеудің 24 жағдайында заңсыздыққа жол берілгені анықталды. Чилидің азаматтықты тіркеу қызметі 24 сәуірде осындай оқиғалар бойынша тексеруді бастады. Елдің Конституциясына сәйкес, мұндай балалар автоматты түрде азаматтық алатындардың категориясына кірмейді.
Заңсыз тіркеудің көп фактісі ресейліктер үшін «перзентханалық туризмді» жүргізуге мамандандырылған Chile Kids және Chile’dren атты кемінде екі агенттік орналасқан Винья-дель-Мар қаласында тіркелген.
Стоимость услуг Chile Kids-тің қызмет көрсету бағасы, клиникаға төленетін ақыны қоспағанда, $12,9 мыңға жетеді. Ал Chile’dren-дің қызметі $14,9 мыңға дейін барады. Chile Kids Чилиге сіңіп кеткен ресейлік ұлты татар азамат Данис Ильясовтың бизнесі көрінеді.
Басылымның мәліметі бойынша, Chile Kids өзінің орыс тіліндегі сайтында Чилиде туған 200-ден астам ресейлікке азаматтық алуға көмектесткенін мәлімдеген. Ал Chile’dren өзінің қызметі арқасында 2173 орыс отбасы азаматтық алғанын жазады.
Чили соңғы жылдары «Единая Россия» партиясы өкілдері келіп босанып тұратын танымал бағытқа айналған. Өткен жылы Тольятти қалалық думасының депутаты Александр Дорожкинге әйелі Любовь Марченко әлеуметтік желіде Чилидегі «туыттар» жайлы көпшілікке әңгімелеп бергеннен кейін партиядан шығып кетуге тура келген. Ол кейін мұнда визасыз келе беруіне қажетті «күшті паспортты» алуы үшін өзінің екінші баласын осы елде босанғанын жазған. Партияның Тольяттидегі жергілікті бөлімшесінің атқарушы хатшысы Иван Жиляев әйелін туу үшін Чилиге жіберіпті.
USD

