9 Шілде, 06:07
RAST.kz
USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Өз қызының мейірімсіздігі қарияны көшеде қалдырды

30 Қыркүйек 2020 02:24
- Жаңалықтар, Тіршілік
Өз қызының мейірімсіздігі қарияны көшеде қалдырды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АЛМАТЫ. 30 қыркүйек. Оңтүстік мегаполисте зейнет жасындағы қария өз балаларының мейірімсіздігінен есік алдындағы орындықта түнеп жүруге дейін жетті. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.

«Алматыда зейнеткер өз балаларының сараңдығынан даладағы орындықты мекен етуге мәжбүр болды. Оны пәтерінен өз қызы айырды. Басқа ересек балаларына қария мүлде керек болмай қалды», – делінген хабарламада.

70 жастағы Александр Холодяев бұдан төрт жыл бұрын қызынан несиесін жауып беруге көмектесуді өтінгенін айтады. Ал қызы мұның өтеуі ретінде әкесіне пәтерін сыйға тартатынын жазып беруді талап етеді. Үлкен кісі келіседі, бірақ қызына пәтерге өзі өлгеннен кейін ғана иелік етуді шарт етіп қояды. Алайда, қызы мұндай сәтті күтіп әуре болып жатпайды, көп ұзамай әкесі тұрып жатқан тұрғын жайды сыртынан 10 млн теңгеге сатып жібереді. Одан түскен ақшаға өзіне қала іргесінен үй сатып алады.

Сөйтіп, жасы 70-ке келген қария үй-күйсіз, далада қаңғып қалады. Бүгінде ол автотұрақтағы күркеде қонып шығып жүрген көрінеді. Күндізгі уақытының көбін бұрынғы пәтерінің терезесі түбіндегі орындықта өткізеді.

Көшеде кезбенің күйін кешіп жүрген қарияны мейірімді көршілері тамақтандырып тұрады. Енді олар бәрі сотқа шығу үшін құжат жинап жүр.

«Оның зейнетақысы азғантай, бар-болғаны 70 мың теңгедей ғана алады. Оның да бір бөлігін кредитіне төлейді, ол көптен бері несиесін қайтарумен келеді. Міне, енді баспанасыз қалды. Біз осыған байланысты мәселе көтеріп, келісімнің дұрыс жасалмағанын нақты атап келтірдік. Соның салдарынан қария үйсіз қалды, оны балалары керек етіп отырған жоқ, ұлы тіпті оған қол да жұмсаған», – дейді көршісі Фая Әубәкірова.

Полициядағылар қызының қолындағы құжаттарына сәйкес, пәтерді сатуға толық құқы болғанын айтады. Ал үйсіз қалған қарияға тәртіп сақшылары азаматтық сотқа шығуды ұсынды.

«Қарияның өз пәтерін қызына сыйлайтынын жазып бергені анықталды, құжат нотариалдық жағынан рәсімделген, осыған байланысты аталмыш оқиға бойынша қылмыстық іс қозғау тоқтатылды», – деп түсіндірді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Енді Александр Холодяев әділдікті сот арқылы қалпына келтірмекші. Егер пәтерді қайтарып алу мүмкін болмаса, құрығанда тұрғын үйді сатқаннан түскен ақшаның бір бөлігін алуға әрекет жасағысы келеді. Сол сияқты бар баласының алимент төлеп тұруына қол жеткізу ойында бар.

Таңбалар: Александр Холодяев

Ұқсас мақалалар

Мақала жоқ
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

    Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

  • БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗБАСАРЫ

  • НОҒАЙ АРУЫ

  • Украина Ярославльдегі МӨЗ-ге және Петербург порттарына шабуыл жасады

  • Соғыстағы стратегиялық сауаттылық сапаға соқпақ салады

  • Қадыровтың кісі өлімін әкелген апатқа кінәлі ұлы жол полициясынан медаль алды

  • Еркін форматтағы жүздесуде жастар саясатының басыңқы бағыттары талқыланды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist