9 Шілде, 11:07
RAST.kz
USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мәскеудің қателігі: Ұлыбритания Ресейдің Армениядағы орнын алады

27 Тамыз 2025 15:42
- Жаңалықтар, Жаһан
Мәскеудің қателігі: Ұлыбритания Ресейдің Армениядағы орнын алады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ЛОНДОН. 27 тамыз. Кремльдің үлкен геосаяси қателігінің салдарынан оның Армениядағы орнын Ұлыбритания алып қойғалы жатыр. Бұл туралы Dialog.ua ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Армения мен Ұлыбритания қарым-қатынастарын стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеруге шешім қабылдады, ақырында Ереванның Мәскеу орбитасынан кеткенін растады.

Лондон мен Ереван өзара іс-қимылдың жаңа форматы туралы келісімге келді – екі жақты қарым-қатынастар стратегиялық әріптестік деңгейіне көтеріле түсті. Бұл шешім стратегиялық диалогтың екінші раундынан кейін қабылданды. Мұның жай-жапсарын Хайастан (Армения) сыртқы істер министрлігі өзінің Facebook-тегі ресми аккаунтында жариялады.

Құжатқа сәйкес, Ереван мен Лондон қауіпсіздік пен қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты белсенді түрде дамытуға ниетті болып отыр. Жоспарларға жоғары деңгейдегі кездесулер өткізу, әскери атташе алмасу, сондай-ақ киберқауіпсіздікті нығайту және гибридті қауіптермен күресу жөніндегі бірлескен шаралар кіреді.

Экономикалық бағыт та маңызды орын алды. Армения мен Ұлыбритания іскерлік байланыстарды кеңейтіп, елдің инклюзивті дамуына қолдау көрсетіп, реформалар жүргізетінін баса айтты. Тараптар халықаралық қаржы институттарымен жұмысты қоса алғанда, жан-жақты және кеңейтілген әріптестік туралы келісімді дайындау мүмкіндігін де қарастыруда.

Осыдан бірнеше жыл бұрын Армения Ресейдің Оңтүстік Кавказдағы негізгі одақтастарының бірі саналушы еді. Бірақ Кремльдің бірқатар қателіктері тепе-теңдікті түбегейлі өзгертіп жіберді. Мәскеу Армениядағы адал кланның тақтан тайдырылуына және оның орнына демократиялық көзқарастағы Никол Пашинянның билікке келуіне қатты қарсылық көрсетті. Содан кейін Кремль Қарабақ төңірегіндегі қақтығысқа араласудан бас тартып, одақтасын қолдаусыз қалдырды.

Мұның қорытындысы белгілі: Армения Ресейге тәуелділіктен тез кетіп, Батыс елдері арасынан жаңа серіктестер іздестіре бастады. Осы тұрғыда әуелі Франция президенті Эмманюэль Макронның жан-жақты қолдауына тап келді. Енді Ұлыбритания осы мүмкіндіктер терезесін пайдалана отырып, Мәскеудің мұндағы ықпалының барынша әлсірегенін паш етіп, аймақтағы ықпалын күшейтуге жол салды.

Армян-британ қарым-қатынасының жаңа кезеңі Кремль үшін күрделі геосаяси жеңілістің символына айналды, ол тіпті ондаған жылдар бойы ең жақын одақтастары болып саналатын елдердің арасында да өз орнын жоғалтып алды.

Бұған дейін Dialog.ua агенттігі Арменияда Ресей әскери базасы қоршауға алынғанын және РФ әскерлерін елден шығару талаптары қойылғанын жазған болатын.

Трамптың жақында Әзербайжан мен Армения арасындағы тарихи келісімге қол жеткізуі де Кремльдің беделіне орасан зор нұқсан келтірді.

 

Таңбалар: АрмениякелісімҰлыбритания

Ұқсас мақалалар

Армения шетелде тұратын азаматтарының дауыс беруіне тыйым салды
Жаңалықтар

Армения шетелде тұратын азаматтарының дауыс беруіне тыйым салды

04.07.2026
ЕО Арменияны қолдау үшін шұғыл сауда шаралары пакетін дайындап жатыр
Дәулет

ЕО Арменияны қолдау үшін шұғыл сауда шаралары пакетін дайындап жатыр

17.06.2026
Армения Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың ақырғы нәтижелерін жариялады
Жаңалықтар

Армения Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың ақырғы нәтижелерін жариялады

15.06.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

    Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

  • БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗБАСАРЫ

  • НОҒАЙ АРУЫ

  • Соғыстағы стратегиялық сауаттылық сапаға соқпақ салады

  • Украина Ярославльдегі МӨЗ-ге және Петербург порттарына шабуыл жасады

  • Қадыровтың кісі өлімін әкелген апатқа кінәлі ұлы жол полициясынан медаль алды

  • Еркін форматтағы жүздесуде жастар саясатының басыңқы бағыттары талқыланды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist