АСТАНА. 3 қыркүйек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 3 қыркүйек күні Арман Қырықбаевты Мәдениет және ақпарат министрі етіп тағайындау жөніндегі Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Арман Оразбайұлы Қырықбаев Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», – делінген Ақорданың Telegram арнасында жарияланған ресми ақпаратта.
Арман Оразбайұлы Қырықбаев 1976 жылы 20 қазанда Целиноград (қазір Астана) қаласында туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (Narxoz University) «экономист» мамандығы бойынша (1996), Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясын «халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген (2002).
Қызмет жолдары:
Еңбек жолын 1996 жылы Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және Балтық жағалауы елдері басқармасының референті болып бастаған.
1997-2000 жылдары – Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы,
2002 жылы – Сыртқы істер министрлігінің екінші хатшысы,
2002-2005 жылдары – «АВЕ Корпорация» ЖАҚ стратегия және мониторинг департаментінің директоры,
2005-2006 жылдары – Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары, Алматы қаласы жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры,
2006-2008 жылдары – Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоғамдық-саяси жұмыс және қоғаммен байланыс департаментінің директоры,
2008-2010 жылдары – Мәдениет және ақпарат министрлігі мәдениет комитетінің төрағасы,
2010-2012 жылдары – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары,
2012-2013 жылдары – Мәдениет және ақпарат вице-министрі,
2014-2015 жылдары – «Нұр Отан» партиясы төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі,
2015-2019 жылдары – Алматы қаласы әкімінің орынбасары,
2020-2022 жылдары – «Nur Otan» партиясының хатшысы,
2022 – 2024 жылдары – Алматы қаласы әкімінің орынбасары,
2024-2025 жылдары – Президент Әкімшілігі коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі.
2025 жылғы 25 ақпаннан бүгінге дейін Президент ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі қызметін атқарды.
Бұңан дейін Мәдениет және ақпарат министрі болып келген Аида Ғалымқызы Балаева 31 тамыз күні Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалған болатын.
USD




