9 Шілде, 10:07
RAST.kz
USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

КСРО: Екі республика ғана өзін өзі асырай алған

12 Мамыр 2020 19:51
- Жаңалықтар, Таным
КСРО: Екі республика ғана өзін өзі асырай алған
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 12 мамыр. Кеңес Одағы кезінде 15 одақтас республиканың ішінде тек екеуі ғана өзін өзі асырай алатын хәлде болған. Бұл туралы yandex.ru мәліметтеріне сүйенген rast.kz хабарлады.

«КСРО-ның 15 республикасы арасында тек екеуінің ғана ортақ қазаннан алғанынан салғаны көп болып отырған», – делінген хабарламада.

Анықталғанындай, өзін өзі қамтамасыз етіп қана қоймай, өзгелерге де қарасып келген екі республиканың біріншісі, әлбетте, күткендегідей Ресей Федерациясы болса, екіншісі Белоруссия (қазіргі аты – Беларусь) болып шықты.

Зерттеушілер бұған дәлел ретінде «Советская Россия» газеті 1992 жылы ұсынған мәліметтерді алға тартады.

Бірінші кестеде әр республиканың жан басына шаққандағы өндірісі көлемі көрсетілген. 1990 жылғы мәлімет алынған.

Сонымен, республикалар осы жылы жан басына шаққанда, мұншама сомада (доллармен есептегенде) өнім өндірген:

  • Ресей –$17 500,
  • Латвия– $16 500,
  • Эстония – $15 800,
  • Белоруссия – $15 600,
  • Литва – $13 000,
  • Украина – $12 400,
  • Грузия – $10 600,
  • Қазақстан – $10 100,
  • Молдавия – $10 000,
  • Армения – $9 500,
  • Түрікменстан – $8 600,
  • Әзербайжан – $8 300,
  • Қырғызстан – $7 200,
  • Өзбекстан – $6 600,
  • Тәжікстан – $5 500.

Бір айта кетерлігі, алғашқы бестікке ресейліктер, белорустар және Балтық жағалауы республикаларының тұрғындары кірген.

Ал екінші кесте әр республиканың жан басына шаққандағы жаратқан шығындары жайынан мәлімет береді.

Республикалар жан басына шаққанда мұнша сомада (доллармен есептегенде) тұтыным жасаған:

  • Грузия – $41 900,
  • Эстония – $35 800,
  • Армения – $29 500,
  • Латвия – $26 900,
  • Литва – $23 300,
  • Қазақстан – $17 700,
  • Өзбекстан – $17 400,
  • Әзербайжан – $16 700,
  • Түрікменстан – $16 200,
  • Тәжікстан – $15 600
  • Молдавия – $13 400,
  • Украина – $13 300,
  • Белоруссия – $12 000,
  • Россия – $11 800,
  • Қырғызстан – $11 400.

Көрініп тұрғанындай, Литва, Латвия және Эстония республикалары алғашқы топ-5-те қалып қойған, ал Ресей мен Белоруссияның орындарын Грузия мен Армения басқан. Осыған қарап-ақ «нансоғарлардың» кімдер болғанын байқауға болады. Мұның есесіне, алғашқы бестіктегі Ресей мен Белоруссия кейінгі тізімде кестенің соңғы жағына кетіп қалған.

Осы екі кестені салыстырып қарағанда, алғанынан бергені көп болып шыққан екі республиканың осы екеуі болғаны да анық байқалып тұр. Қалған республикалардың бәрі бергенінен алғанын асырып жіберген.

Таңбалар: одақтас республикалар

Ұқсас мақалалар

Мақала жоқ
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

    Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

  • БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗБАСАРЫ

  • НОҒАЙ АРУЫ

  • Украина Ярославльдегі МӨЗ-ге және Петербург порттарына шабуыл жасады

  • Соғыстағы стратегиялық сауаттылық сапаға соқпақ салады

  • Қадыровтың кісі өлімін әкелген апатқа кінәлі ұлы жол полициясынан медаль алды

  • Еркін форматтағы жүздесуде жастар саясатының басыңқы бағыттары талқыланды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist