13 Қазан, 09:10
RAST.kz
USD USD 451.31 ₸
EUR EUR 504.56 ₸
RUB RUB 5.36 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жиын Сыр бойының өркендеуіне үздік үлес қосқан қайраткерге арналды

10 Қазан 2024 20:14
- Жаңалықтар, Қайнар
Жиын Сыр бойының өркендеуіне үздік үлес қосқан қайраткерге арналды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 10 қазан. Қызылорада мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері Ғафур Мұхамеджановтың туғанына 100 жыл толуына орай ғылыми-танымдық конференция өткізілді. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Еселі еңбегімен еленген қайраткер» деген атпен бүгін өткен конференцияға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, жиынды ашып берді. Ол өз сөзінде аты аңызға айналған қарымды қайраткердің аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі жайына тоқталды.

«Аймағымыздың шежіресінде толағай болмысты, нар тұлғалы азаматтардың есімі әрдайым құрметпен аталады. Сондай ағаларымыздың бірі – елжанды азамат, Сыр перзенті, ғибратты ғұмыр иесі Ғафур Мұхамеджанов. Ол қасиетті Сыр топырағында дүниеге келіп, өз дәуіріндегі барлық тарихи оқиғаның бел ортасынан табылды. Совет, партия басшылығында болып, Шиелі және Жаңақорған аудандарының тізгінін ұстады. Тынымсыз еңбек, жоғары талап, іске деген адалдық ағамыздың рухани тағылымының тамыры терең, діңгегі мықты екенін көрсетті», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

«Аймақтың бүгінгі бет-бейнесінің қалыптасуы мен дамуына Ғафур Мұхамеджановтың қосқан орасан зор үлесі бар. Аға буынның елі үшін жасаған еңбегі мен ерлігі жас ұрпаққа мирас болып қалуы тиіс. Парасат пайымы биік тұлғаның жарқын бейнесі, бекзат болмысы ешқашан ұмытылмайды, елімен бірге мәңгі жасай береді», – деді облыс әкімі.

Басқосуда облыстық мәслихат төрағасы, конференцияның модераторы Мұрат Тілеумбетов Парламент Сенатының депутаты, мемлекет және қоғам қайраткері, академик, заң ғылымдарының докторы Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлының Ғафур Мұхамеджановтың 100 жылдығына арнаған құттықтауын оқыды.

Келесі кезекте Ғафур Мұхамеджанов туралы естеліктер мен тарихи деректерге толы баяндамаларға кезек берілді. Саяси ғылымдар докторы, профессор Әбдіжәлел Бәкір, Қызылорда облысының құрметті азаматы Ибрагим Әбибуллаев оның мұқтажға қамқор, әлсізге тіреу, шешімге әділ, халқына абзал азамат болғанын айтты. Баяндамалар легін саяси ғылымдар докторы, Қызылорда облысының құрметті азаматы Мұрат Бақтиярұлы жалғастырды. Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Нұрлыбек Мыңжас та дәйекті деректерді ортаға салды.

Конференция қонақтары қатарында сала басшылары, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, облыстың зиялы қауымы, ардагерлер, Ғафур Мұхамеджановтың балалары мен немерелері болды.

Ғафур Мұхамеджанов 1924 жылы 1 шілдеде Жаңақорған ауданы, «Өзгент» ауылында туған. Ол кісінің балалық және жастық шағы алапат аштық, сұрапыл соғыспен тұспа-тұс келді.

Мектептен соң Қызылорда педагогикалық институтына түсіп, мұғалім мамандығын иеленді. Кейін Алматы Жоғары партия мектебін аяқтады. Еңбек жолын 1941-1942 жылдары бастауыш мектепте бастап, 1943-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысып, елге аман оралды.

Соғыстан кейін ел еңсесін тіктеуге, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға білек сыбана кірісті. 1945-1970 жылдары Шиелі аудандық комсомол комитетінің хатшысы, аудандық атқару комитетінің бөлім меңгерушісі, төраға орынбасары, төрағасы, Шиелі аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін абыроймен атқарды.

1970-1975 жылдары Жаңақорған аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, 1975-1985 жылдары Қызылорда облыстық комитетінің бөлім меңгерушісі, облыстық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметінде болған. Облыстық комитет мүшесі, аудандық, облыстық кеңестердің депутаты болып сайланған.

Таңбалар: Ғафур МұхамеджановконференцияҚызылорда

Ұқсас мақалалар

Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді
Әлеумет

Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

10.10.2026
Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды
Аймақ

Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды

09.10.2026
Қызылордалықтар Қала күнінде қоныс тойын тойлады, оларға 168 пәтер берілді
Аймақ

Қызылордалықтар Қала күнінде қоныс тойын тойлады, оларға 168 пәтер берілді

09.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Өз еліме керек емеспін»: Тәжірибелі төрешіге қысым жасаған кім?

    «Өз еліме керек емеспін»: Тәжірибелі төрешіге қысым жасаған кім?

  • Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды

  • Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

  • Қызылордада «Анаға тағзым» ІІІ республикалық форумы өтті

  • Нұрлыбек Нәлібаев шетелдік компаниялар басшыларымен инвестиция жайын талқылады

  • НАТО Ресейдің ықтимал соғысында жеңудің жоспарын жасап жатыр

  • Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің экс-бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков ұсталды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 451.31 ₸
EUR EUR 504.56 ₸
RUB RUB 5.36 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist