23 Қазан, 02:10
RAST.kz
USD USD 447.94 ₸
EUR EUR 502.32 ₸
RUB RUB 5.52 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылордада күн-электр станциясы құрылысының басталу рәсімі өтті

21 Қазан 2026 15:48
- Дәулет, Жаңалықтар
Қызылордада күн-электр станциясы құрылысының басталу рәсімі өтті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 21 қазан. Қызылордада Республика күні қарсаңында «Orda Power» ЖШС күн-электр станциясы құрылысын бастау мезіретіне арналған іс-шара жасалды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, Түркия Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Мустафа Капуджу, «Orda Power» компаниясының бас директоры Гультекин Йигит, құқық қорғау органдарының басшылары, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.

Аймақ басшысы өңірдің энергетика саласында жүзеге асырылып жатқан жобаларға тоқталып, жаңа станцияның маңыздылығын атап өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен және Үкіметтің қолдауымен өңіріміздің энергетика саласында бірқатар маңызды жоба жүзеге асырылуда. Өткен жылы Қызылорда қаласында жаңа жылу электр орталығы іске қосылды. Бұл ретте Тәуелсіздік жылдарында инвестор қаражаты есебінен ең ауқымды жобаның бірін жүзеге асырған түркиялық «Aksa Energy» компаниясының еңбегін ерекше атап өткен жөн. Жаңа жылу электр орталығы облыс тұрғындарын электр энергиясымен толық қамтамасыз етуге және бір бөлігін өзге аймақтарға жеткізуге мүмкіндік берді», – деді Мұрат Ергешбаев.

Оның айтуынша, бұған қоса, оңтүстік өңірлердегі энергетика инфрақұрылымын дамыту және тапшылықтың алдын алу мақсатында 1,5 трлн теңгеге қуаттылығы 1 100 мегаваттық бу газ қондырғысын жобалау жұмыстары да жүргізілуде. Жаңартылатын энергия көздерін дамыту бағытында да жүйелі жұмыс бар. Қазір Қызылорда облысы инвесторлар үшін тартымды өңірге айналып келеді.

Рәсімде Мустафа Капуджу, Гультекин Йигит, облыс прокурорының міндетін атқарушы – инвестициялық омбудсмен Нұрболат Дүйсенбаев, мемлекет және қоғам қайраткерлері Бақберген Досманбетов, Биғали Қаюпов сөз сөйледі.

Құрылысы басталған жобаның басты ерекшелігі – энергия жинақтау жүйесімен жабдықталуында. Бұл – өңіріміздегі жинақтау жүйесі бар алғашқы күн электр станциясы. Алдағы уақытта қуаттылығын 50 мегаватқа дейін арттыру жоспарланып отыр.

Айта кетейік, аймақта жалпы қуаттылығы 151 мегават болатын 11 күн электр станциясы жұмыс істейді. Енді 225 мегаваттан асатын 7 күн электр станциясын іске қосу жоспарлануда. Оның ішінде Арал және Жаңақорған аудандарында қуаттылығы 30 мегаваттық екі күн электр станциясының құрылысы басталды.

 

Таңбалар: күн-электр станциясыҚызылордаэнергетика

Ұқсас мақалалар

Қызылордада XXXI республикалық театр фестивалі басталды
Әлеумет

Қызылордада XXXI республикалық театр фестивалі басталды

21.10.2026
Қызылордада заманауи «Terra Green» жылыжайы кешенінің іргесі қаланды
Дәулет

Қызылордада заманауи «Terra Green» жылыжайы кешенінің іргесі қаланды

21.10.2026
«Green Aral: Volunteers For Life 2026» форумына қатысушылар Қорқыт ата кесенесіне барды
Аймақ

«Green Aral: Volunteers For Life 2026» форумына қатысушылар Қорқыт ата кесенесіне барды

20.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

  • Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысында жол құрылысымен танысты

  • Бірінші вице-премьер Қызылорда облысындағы құрылыс нысандарын аралады

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 447.94 ₸
EUR EUR 502.32 ₸
RUB RUB 5.52 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist