21 Тамыз, 03:08
RAST.kz
USD USD 458.23 ₸
EUR EUR 535.99 ₸
RUB RUB 5.46 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жанкент: 20 жылға созылған зерттеу жұмыстарының ғылыми қорытындысы

19 Тамыз 2026 20:45
- Жаңалықтар, Қайнар
Жанкент: 20 жылға созылған зерттеу жұмыстарының ғылыми қорытындысы
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 19 тамыз. Қызылорда қаласындағы Студенттер сарайында «Оғыздардың материалдық және рухани мәдениеті» атты ғылыми-танымдық кітап-каталогының таныстырылымы өтті. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Онда сондай-ақ «Жанкент археологиялық экспедициясына – 20 жыл» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Шара оғыздардың рухани мәдениетін жұртшылыққа кеңінен насихаттауға, Жанкенттің тарихи-археологиялық мұрасын ғылыми тұрғыда зерделеуге, отандық және шетелдік ғалымдар арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.

Қатысушылар арнайы ұйымдастырылған «Жанкент қаласының жәдігерлері» атты көрмені, «Аптап ыстық күн астында Жанкентте өткен 20 жыл» фотокөрмесін тамашалады. Көрмеге археологиялық жәдігерлер және экспедицияның жиырма жылдық зерттеу жолын бейнелейтін фотосуреттер қойылды.

Жиынға Ресей, Германия, Ұлыбритания, Өзбекстан және еліміздің әр өңірінен келген ғалымдар қатысып, Жанкент қалашығын зерттеу барысында жинақтаған ғылыми еңбектерін таныстырды. Ашылу рәсіміне облыс әкімінің кеңесшісі Руслан Рүстемов, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің басқарма төрағасы – ректор Наурызбай Байқадамов, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының бас директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Ақан Оңғарұлы және Эберхард Карл атындағы Тюбинген университетінің құрметті профессоры Heinrich Haerke қатысып, Жанкентті зерттеудің тарихи әрі ғылыми маңызына тоқталды.

«Оғыздардың материалдық және рухани мәдениеті» ғылыми-танымдық кітап-каталогында оғыздардың тарихы мен рухани мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі, қолөнері мен мұрасы кеңінен қамтылған. Сонымен қатар Жанкент қалашығында жүргізілген көп жылдық археологиялық зерттеулердің нәтижесі жүйеленіп, құнды археологиялық жәдігерлер туралы ғылыми мәліметтер ұсынылған.

«Дөңгелек үстелдің» екінші бөлімінде отандық және шетелдік ғалымдар Жанкент пен Сыр өңіріндегі ортағасырлық қалалардың тарихы мен археологиясына қатысты зерттеу нәтижелерін ортаға салды. Мәскеу, Тюбинген, Ливерпуль, Самарқанд, Астана, Алматы, Шымкент және Қызылорда зерттеушілері өзара тәжірибе алмасып, Жанкенттің Сырдарияның төменгі ағысындағы ортағасырлық қалалар жүйесіндегі орны мен оғыздар тарихын зерделеудегі маңызына қатысты жаңа ғылыми тұжырымдарын ұсынды.

Жиырма жылдық зерттеу барысында жинақталған мол ғылыми материал Жанкент тарихын жаңа қырынан зерделеуге мүмкіндік беріп, оғыз өркениетінің Сыр өңіріндегі тарихи-мәдени орнын тереңірек түсінуге жол ашты.

Ғылыми басқосу қорытындысында зерттеушілер бірқатар ұсыныстар айтып, тиісті қарар қабылданды.

Таңбалар: Жанкентзерттеутаныстырылым

Ұқсас мақалалар

Путиннің қатерлі ісіктің бір түрімен ауыратыны рас екен (видео)
Жаңалықтар

Путиннің қатерлі ісіктің бір түрімен ауыратыны рас екен (видео)

01.04.2022
Смартфон обырдың қатерін арттыра түседі – зерттеушілер
Жаңалықтар

Смартфон обырдың қатерін арттыра түседі – зерттеушілер

13.07.2021

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Дарынды ақын, талантты сазгер Бекжан Әшірбаев қайтыс болды

  • Өңеште тұрып қалған қақырықты қалай кетіруге болады?

  • ЖАНКЕШТІ

  • Меркіде қайғылы қазаға ұшыраған Мәдинаның ажалы себебі елді шошытты

  • Севастопольде сүңгуір-теңізші офицерді жарып жіберген ресейлік әйел ұсталды

  • Су мәселесінде қазақ пен өзбектің мүдделері ортақ болуы керек

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.23 ₸
EUR EUR 535.99 ₸
RUB RUB 5.46 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist