ҚЫЗЫЛОРДА. 21 қазан. Қызылорда облысында жүріп жатқан халықаралық волонтерлер апталығына қатысушылар тақырыпқа қатысты жаңа идеялар мен бастамаларды ортаға салды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Бүгін «Green Aral: Volunteers For Life 2026» апталығы аясында Арал ауданындағы Қамбаш тынығу лагеріне жиналған Өзбекстан мен Қырғызстаннан, еліміздің барлық өңірінен келген волонтерлер үшін секциялық отырыстар ұйымдастырылды. Оның негізгі мақсаты халықаралық волонтерлік ынтымақтастықты нығайту, қатысушылар арасында тәжірибе алмасуды дамыту, жаңа идеяларды талқылау және әлеуметтік-экологиялық бағыттағы тың бастамаларға қолдау көрсету болды.
Секция кезінде қатысушылар бірнеше топқа бөлініп, өз бағыттары бойынша жұмыс жүргізді. Топтық талқылаулар кезінде волонтерлік қозғалысты дамыту, жастардың азаматтық белсенділігін арттыру, қоршаған ортаны қорғау және қоғамға пайдалы жобаларды жүзеге асыру мәселелері қарастырылды.
Әр топ өздерінің жаңа идеялары мен ұсыныстарын ортаға салып, оларды іске асырудың тиімді жолдарын талқылады. Сонымен қатар, қатысушылар өз өңірлерінде жүзеге асырылып жатқан бастамалар туралы пікір алмасып, халықаралық тәжірибені зерделеуге және бірлескен жобаларды дамытуға мүмкіндік алды.
Сондай-ақ секция барысында экологиялық волонтерлікке, Арал өңірінің табиғи ортасын қорғауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және жастарды қоғамдық маңызы бар істерге тартуға ерекше назар аударылды. Қатысушылардың ұсыныстары волонтерлік қызметтің жаңа бағыттарын айқындауға және өзара ынтымақтастықты нығайтуға негіз болды.
Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан өкілдерінің бір алаңда бас қосуы халықаралық тәжірибе алмасуға, ортақ мәселелерді талқылауға және жаңа серіктестік байланыстар орнатуға жол ашты.

USD




