23 Қазан, 05:10
RAST.kz
USD USD 447.94 ₸
EUR EUR 502.32 ₸
RUB RUB 5.52 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Халықаралық волонтерлер апталығы Арал ауданының Қамыстыбас ауылында жалғасты

21 Қазан 2026 15:31
- Әлеумет, Жаңалықтар
Халықаралық волонтерлер апталығы Арал ауданының Қамыстыбас ауылында жалғасты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 21 қазан. Кешелі бері Қызылорда облысында сөре тартқан Халықаралық волонтерлер апталығы Арал ауданының Қамыстыбас ауылында жалғасын тапты. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Табиғатты қорғау бүгінгі күннің міндеті ғана емес, сонымен қатар келер ұрпақ алдындағы ортақ жауапкершілік екенін насихаттауға арналған

маңызды бастама – «Green Aral: Volunteers For Life 2026» халықаралық волонтерлер апталығы Арал ауданына қарасты Қамыстыбас ауылдық округіне қарай ойысты. Қызылорда қаласында басталған ауқымды шараға қатысушы табиғат жанашырлары мен белсенді волонтерлер көл жағасында бас қосты.

Көгілдір көлдің жағасында ұйымдастырылған еркін форматтағы кездесудің негізгі мақсаты волонтерлер қозғалысын дамыту, жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаны қорғау ісіндегі ортақ жауапкершілікті нығайту болмақ.

Мазмұнды кездесу барысында жастарға қазақ халқының ұлттық дәстүрлері мен тағамдары, тарихи жәдігерлері мен мәдени мұрасы таныстырылып, өнерпаздар ән мен жырдан шашу тарту етті.

Кездесуде облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Дәурен Тілеумбетов сөз сөйлеп, халықаралық волонтерлер апталығының маңыздылығына тоқталды. Ол еріктілік қызметтің қоғамды ізгілікке ұйыстырудағы рөлін атап өтіп, жастардың табиғатты қорғау мен қоғамдық жұмыстарға белсенді араласуының маңызын жеткізді. Сондай-ақ, ортақ мақсат жолында бас қосқан қатысушыларға сәттілік тілеп, бастаманың нәтижелі болуына ізгі ниет білдірді.

Басқосу барысында жастардың өзара қарым-қатынасын нығайтуға, еркін пікір алмасуға бағытталған концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Өзбекстаннан, Қырғызстаннан және Қазақстанның барлық өңірінен келген қатысушыларды біріктірген бұл еркін форматтағы басқосу тәжірибе алмасып қана қоймай, жаңа бастамаларға жол ашатын маңызды алаңға айналмақ.

Таңбалар: Арал ауданыволонтерлер апталығыҚамыстыбас

Ұқсас мақалалар

«Green Aral: Volunteers For Life 2026»: волонтерлер жаңа идеяларды талқылады
Әлеумет

«Green Aral: Volunteers For Life 2026»: волонтерлер жаңа идеяларды талқылады

21.10.2026
Қызылордада «Green Aral: Volunteers For Life 2026» волонтерлер апталығы басталды
Әлеумет

Қызылордада «Green Aral: Volunteers For Life 2026» волонтерлер апталығы басталды

19.10.2026
Арал ауданында демалыста жүрген полиция қызметкері өлтірілді
Жаңалықтар

Арал ауданында демалыста жүрген полиция қызметкері өлтірілді

01.09.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

  • Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысында жол құрылысымен танысты

  • Бірінші вице-премьер Қызылорда облысындағы құрылыс нысандарын аралады

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 447.94 ₸
EUR EUR 502.32 ₸
RUB RUB 5.52 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist