26 Тамыз, 01:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Футбол: Усман Дембеле «Алтын доптың» 2025 жылғы иегері атанды

23 Қыркүйек 2025 12:00
- Жаңалықтар, Сайыс
Футбол: Усман Дембеле «Алтын доптың» 2025 жылғы иегері атанды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ПАРИЖ. 23 қыркүйек. Француздың «Пари Сен-Жермен» (ПСЖ) клубының шабуылшысы Усман Дембеле «Алтын доптың» 2025 жылғы лауреаты болып танылды. Бұл туралы Olympics.com ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Кеше түн ортасы ауа Париждегі «Шатл» театрында France Football журналының әлемнің 2024/2025 маусымдағы ең үздік футболшысына арналған «Алтын доп» жүлдесін тапсыруға арналған салтанат болып өтті. Olympics.com оның кімге тапсырылғанын, сондай-ақ басқа аталымдар бойынша кімдердің жеңімпаз болып шыққанын баяндады.

Француздың атақты басылымының марапаты әлем футболындағы ең беделді жүлде болын саналады. Ол алғаш рет 1956 жылы тағайындалды. Жеңімпаз бен жүлдегерлерді анықтау үшін ұлттық құрамалар жаттықтырушылары мен команда капитандары, сондай-ақ спорт журналистері планетаның маусым бойындағы ең үздік футболшысын анықтау үшін дауыс береді. Қазіргі таңда «Алтын доп» наградасын тапсыру бірнеше номинация бойынша жүргізіліп келеді.

Марапаи күнтізбелік жыл емес, маусымның (2024 жылдың 1 тамызынан 2025 жылдың 31 шілдесіне дейін) қорытындысы бойынша тапсырылды.

Дауыс беру нәтижесінде «Пари Сен-Жермен» ойыншысы Усман Дембеле «Алтын доптың» иегері атанды. Өткен маусымда 28 жастағы футболшы ПСЖ құрамында Францияның чемпионы атанды, Францияның Кубогы мен Суперкубогын, сондай-ақ Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Ол өзіның мансабында бірінші рет әлемнің үздік футболшысы атанып отыр. Оған трофейді Рональдино тапсырды. Дембеле маусым ішінде Чемпиондар лигасын жеңіп алған ПСЖ клубы сапында 53 матч өткізіп, 35 доп соқты және 14 нәтижелі пас берді.

Усман өзінің марапат тапсырылғаннан кейін сөйлеген сөзінде өте толқып тұрып, өзінің командалас әріптестеріне, жаттықтырушыларына, бұрынғы клубтарына, отбасына алғыс айтты.

Дауыс берудің сыңайында «Барселонаның» жартылай қорғаушысы Ламин Ямаль – екінші, «Пари Сен-Жерменнің» хавбегі Витинья үшінші орындарға орналасты.

Әйелдер арасыында «Барселона» клубының ойыншысы Айтана Бонмати қатарынан үшінші мәрте «Алтын доптың» иегері атанды.

21 жасқа дейінгі футболшылар арасында сарапқа салынатын «Копа тартуы» жүлдесін қатарынан екінші сапар «Барселона» ойыншысы Ламин Ямаль алды.

«Барселона» әйелдер клубының мүшесі Вики Лопес те осы трофейге қол жеткізді.

«Яшин тартуы» сыйлығы өткен маусымды ПСЖ-да өткізген Джанлуиджи Доннарумма мен «Челси» әйелдер жасағының голкипері Ханна Хэмптонға бұйырды.

Ерлер арасында ПСЖ және әйелдер арасында «Арсенал» маусымның үздік клубтары болып аталды.

«Пари Сен-Жерменнің» бапкері Луис Энрике ерлер командалары арасындағы үздігі аталып, «Йоханн Кройф тартуы» жүлдесіне лайықты деп танылды. Еуропа чемпионатын жеңіп алған Англияның әйелдер құрамасының бас жаттықтырушысы Сарина Вигман да «Йоханн Кройф тартуы» сыйлығымен марапатталды.

Үздік шабуылшылар ретінде «Спортингте» ойнаған Виктор Дьёкереш пен «Барселона» әйелдер командасы мен Польша құрамасының ойыншысы Эва Пайор «Герд Мюллер тартуына» ие болды.

Онкологиялық кесел түрлерімен ауыратын балаларға көмектесушілер үшін тағайындалған «Ксана Фаундейшн» қорының «Сократес тартуы» атты жүлдесі Энрике отбасына берілді.

Марапаттарды тапсыру рәсімі Париж уақытымен сағат 22:00-де басталды.

«Алтын доп» үшін дауыс беру қорытындысы мынадай нәтиже әкелді:

  1. Усман Дембеле (ПСЖ)
  2. Ламин Ямаль («Барселона»)
  3. Витинья (ПСЖ)
  4. Мохамед Салах («Ливерпуль»)
  5. Рафинья («Барселона»)
  6. Ашраф Хакими (ПСЖ)
  7. Килиан Мбаппе («Реал»)
  8. Коул Палмер («Челси»)
  9. Джанлуиджи Доннарумма (ПСЖ / «Манчестер Сити»)
  10. Нуну Мендеш (ПСЖ)
  11. Педри («Барселона»)
  12. Хвича Кварацхелия («Наполи» / ПСЖ)
  13. Харри Кейн («Бавария»)
  14. Дезире Дуэ (ПСЖ)
  15. Виктор Дьекереш («Спортинг» Лиссабон / «Арсенал»)
  16. Винисиус Жуниор («Реал»)
  17. Роберт Левандовски («Барселона»)
  18. Скотт Мактоминей («Наполи»)
  19. Жоау Невеш (ПСЖ)
  20. Лаутаро Мартинес («Интер»)
  21. Серу Гирасси («Боруссия» Д)
  22. Алексис Макаллистер («Ливерпуль»)
  23. Джуд Беллингем («Реал»)
  24. Фабиан Руис («ПСЖ»)
  25. Дензел Дюмфрис («Интер»)
  26. Эрлин Холанн («Манчестер Сити»)
  27. Деклан Райс («Арсенал»)
  28. Вирджил ван Дейк («Ливерпуль»)
  29. Флориан Вирц («Байер» / «Ливерпуль»)
  30. Майкл Олисе («Бавария
Таңбалар: Алтын допУсман Дембелефутбол

Ұқсас мақалалар

Дастан Сәтбаев «Бернли» сапындағы бірінші ойынын ойнады
Жаңалықтар

Дастан Сәтбаев «Бернли» сапындағы бірінші ойынын ойнады

23.08.2026
ФИФА әлем чемпионатының символдық құрамасы құрамын анықтады
Жаңалықтар

ФИФА әлем чемпионатының символдық құрамасы құрамын анықтады

22.07.2026
ӘЧ-2026: Испания финалда Аргентинаны ұтып, екінші мәрте чемпион атанды
Жаңалықтар

ӘЧ-2026: Испания финалда Аргентинаны ұтып, екінші мәрте чемпион атанды

20.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist