25 Тамыз, 06:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Футбол: Леверкузеннің «Байері» тұңғыш рет Алманияның чемпионы атанды (видео)

15 Сәуір 2024 13:39
- Жаңалықтар, Сайыс
Футбол: Леверкузеннің «Байері» тұңғыш рет Алманияның чемпионы атанды (видео)
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ЛЕВЕРКУЗЕН. 15 сәуір. Кеше түнде Леверкузеннің «Байер 04» командасы өз алаңында Бременнің «Вердерін» 5:0 етіп ұтып, чемпион атанды. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Леверкузендік футболшылар осылайша Германия (Алмания) бундеслигасының біріншілігі аяқталуға 5 тур қалғанда соңынан шапқан қуғыншылары жете алмайтындай ұпай қорын жинап үлгеріп, мерзімінен бұрын чемпиондыққа қол жеткізді. Сөйтіп, өзінің тарихында алғаш рет алтыннан алқа таққан «Байер 04» Мюнхеннің «Бавариясының» үздіксіз 11 жылға созылған чемпиондық сериясын үзіп тастады.

Леверкузендіктер бундеслиганың 29-туры ойындары аясында «Бремен музыканттарының» дарбазасына қайтарымсыз бес гол соқты.

Тарихи матч қаланың «БайАрена» стадионында ойналды. Оны 32 210 адам тамашалады. Ойынға ганноверлік арбитр Харм Осмерс қазылық жасады.

Командалар алаңға мына құрамда шықты:

«Байер 04»: Лукаш Градецки, Эдмонд Тапсоба, Джонатан Та, Одилон Коссуну, Пьеро Инкапье (Алехандро Гримальдо, 77), Натан Телла (Патрик Шик, 62), Роберт Андрих, Гранит Джака (Эсекьель Паласиос, 77), Амин Адли (Флориан Вирц, 46), Йонас Хофманн, Виктор Бонифес (Джереми Фримпонг, 62).

«Вердер»: Михаэль Зеттерер, Милош Велькович, Кристиан Гросс, Хулиан Малатини,  Феликс Агу (Давид Ковнацки, 69), Сенне Линен, Митчелл Вайзер, Романо Шмид, Леонардо Биттенкурт (Леонардо Биттенкурт, 77), Марвин Дукш, Ник Вольтемаде (Оливье Деман, 69).

Матчтың бірінші голын 25-минутта «Байердің» нигериялық форварды Виктор Бонифес пенальтиден түсірді. Алаң иелері өз басымдықтарын 60-минутта ғана екінші голға айналдыра алды. Оны Гранит Джака өз есебіне жазды. Осыдан кейін екінші таймда алаңға шыққан Флориан Витцтің дәуірі келді. Алғашқы добын 68-минутта қақпа торынан бір-ақ шығарған ол бұдан әрі 83 және 90-минуттарда есепті еселей түсті. Осылайша хет-триктің авторы атанды.

«Байер 04» осымен чемпионаттағы 29 ойынынан 79 ұпай жинап, өзінен кейінгілерге жеткізбейтін қашықтыққа өтіп кетті.

Леверкузен клубы 119 жылдық шежіресінде бірінші рет ірі жеңіске жетіп, Алмания чемпионатындағы 13-ші чемпион болды. Леверкузендіктер ұзақ уақыт ұтылыссыз ойнау жағынан итальянның Турині «Ювентусының» рекордын (43 матч) қайталады. Олар сонымен бірге бундеслиганың 29 ойынында бірде-бір рет ұтылмай, «Баварияның» рекордын жаңартты.

Аспиринділер лидерлерінің бірі Флориан Вирц Алмания чемпионаты тарихында шешуші матчта хет-трикке қол жеткізген бірінші футболшы атанып отыр. Мұның үстіне, алаңға 46-минутта шыққан ол бұл жетістігін бір таймның көлемінде жасап шықты.

Команданы жеңіске испан маманы, бас жаттықтырушы Хабьер Олонсо Опано жеткізді. Бұл – оның мұрабилік мансаптағы бірінші жеңісі. Футболшы ретінде Испания құрамасы сапында үш рет Еуропа чемпионы атанған Олонсо бапкерлік өтілін 2018 жылы бастады.

Бірінші рәсімде: Виктор Бонифес пенальтиден есеп ашып,  жеңіске жол бастап берді; екінші рәсімде: команда ойыншылары бір-бірін құттықтауда

Таңбалар: АлманияБайер (Леверкузен)бундеслигафутболчемпион

Ұқсас мақалалар

Дастан Сәтбаев «Бернли» сапындағы бірінші ойынын ойнады
Жаңалықтар

Дастан Сәтбаев «Бернли» сапындағы бірінші ойынын ойнады

23.08.2026
ФИФА әлем чемпионатының символдық құрамасы құрамын анықтады
Жаңалықтар

ФИФА әлем чемпионатының символдық құрамасы құрамын анықтады

22.07.2026
ӘЧ-2026: Испания финалда Аргентинаны ұтып, екінші мәрте чемпион атанды
Жаңалықтар

ӘЧ-2026: Испания финалда Аргентинаны ұтып, екінші мәрте чемпион атанды

20.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist