26 Тамыз, 10:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Еуропа одағы Путиннің «Валдайдағы» сөздерін Оруэллдің сандырағына теңеді

28 Қазан 2022 22:51
- Жаңалықтар, Қайнар
Еуропа одағы Путиннің «Валдайдағы» сөздерін Оруэллдің сандырағына теңеді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

БРЮССЕЛЬ. 28 қазан. Еуропа одағындағылар Ресей президенті Владимир Путиннің «Валдай» клубында сөйлеген сөзін «Оруэллдің сандырағы» деп бағалады. Бұл туралы DW («Неміс толқыны») хабарлады.

Сочидегі «Валдай» клубының жиыны 27 қазанда өтті.

«Путиннің сөздеріндегі «дұрыс емес» делінгендерді – «дұрыс» деп, ал «шындық» дегендерін «жалған» деп, бәрін керісінше қабылдау керек», – деп мәлімдеді ЕО-ның сыртқы саясат қызметінің өкілі Набила Массрали 28 қазан, жұма күні Брюссельде берген брифингінде.

Тап осы Ресей Украинаға қарсы заңсыз, себепсіз соғыс жүргізіп жатыр, тап РФ қарулы күштері Украинаның бейбіт тұрғындарына, әйелдер мен балаларға қарсы айуандық көрсетіп, соғыс қылмыстарын жасап жатыр, деп атап өтті ол. «Халықаралық құқықтар мен БҰҰ Жарғысын өрескел бұзып жатқан да Ресей, ал оның агрессиялық әрекеттері тек Еуропаның  бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне ғана емес, сонымен бірге бүкіл әлемге зардаптары зор қатер төндіріп жатыр», – деп тарқатты Массрали.

Путиннің Киев «лас бомба» жасап жатыр деген байбаламын Еурокомиссияның өкілі негізсіз деп атады. «Ресей дәл бұрынғысындай, қазір де өзінің айыптауларын әлдеқандай айғақтармен дәлелдеп бере алмай отыр», – деген ол Мәскеудің 24 ақпанда кең ауқымды шабуылмен Украинаға басып кіруін ақтау үшін алға тартқан бұл елде биологиялық қару жасалып жатыр деген мәлімдемесінің де ойдан шығарылған жалған нәрсе екенін еске түсіріп өтті.

«Егер Ресей болмағанда, бұл соғыс та болмас еді. Мәскеу егер өзінің әскерлері мен әскери техникаларының бәрін бүкіл Украина территориясынан алып кетсе, бұл соғыс бүгін-ақ аяқталады», – деп сөзін түйіндеді Набила Массрали.

27 қазанда РФ президенті Владимир Путин «Валдай» пікірталас клубының отырысында сөйледі. Ол өз сөзінде Ресей ядролық қару қолданатын болып қоқан-лоқы жасаған жоқ, тек батыс лидерлері тарапынан жасалған «ядролық бопсаға» жауап қайтарды деп сандалды. Путин сондай-ақ Украина «лас бомба» жасап алып, онымен Ресейді айыптамақшы болды дейтін ойдан шығарылған сандырақтарын тағы қайталап өтті. Бұдан бөлек, РФ президенті «батыстағы әріптестерін» өзіне ғана түсінікті, қайдағы бір «дәстүрлі құндылықтардың» іргесін бұзды деген абстрактылы айып-шаммен қараламақшы болып бөсіп кетті.

 

 

Таңбалар: ВалдайВладимир ПутинНабила Массралисандырақ

Ұқсас мақалалар

«Ішкі жаулар Путинге сайлауға дейін соққы берулері әбден ықтимал»
Жаңалықтар

«Ішкі жаулар Путинге сайлауға дейін соққы берулері әбден ықтимал»

11.08.2026
Новосібір тұрғындарынан Путин келіп-кеткенше қозғалысты шектеу талап етілді
Жаңалықтар

Новосібір тұрғындарынан Путин келіп-кеткенше қозғалысты шектеу талап етілді

11.08.2026
Путин бюджетті соғысты жалғастыру ыңғайында дайындауды тапсырды
Дәулет

Путин бюджетті соғысты жалғастыру ыңғайында дайындауды тапсырды

28.07.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist