25 Тамыз, 02:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Армения Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың ақырғы нәтижелерін жариялады

15 Маусым 2026 17:26
- Жаңалықтар, Қайнар
Армения Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың ақырғы нәтижелерін жариялады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ЕРЕВАН. 15 маусым. Армения Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) оппозицияның талабы бойынша қайта санақ жүргізіп, парламент сайлауының ақырғы қорытындысын шығарды. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Оған сәйкес, Никол Пашинянның «Азаматтық келісім» партиясының ешкімді қатарға қоспай-ақ, Хайастанның жаңа үкіметін өз бетінше құра алатыны белгілі болды. Ал төртінші үміткер – «Гүлденген Армения» парламентке өте алған жоқ.

Армениядағы парламент сайлауының соңғы нәтижелеріне сәйкес, Ұлттық жиналысқа «Азаматтық келісімнен» бөлек, екі ресейшіл партиялар – ресейлік олигарх Самвел Карапетянның «Күшті Армения» және жемқорлығымен аты шыққан бұрынғы президент Роберт Кочарянның «Армения» блоктары кірді. Бұлардың екеуі да қатарларына басқа партияларды қосып алып, сайлауға блок мәртебесінде қатысты.

Дауыс санағының ақырғы қорытындысын 14 маусым, жексенбі күні Ереванда өткен баспасөз мәслихатында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Ваагн Овакимян жария етті.

ОСК мәліметтері бойынша, сайлаушылардың 49,75%-ы «Азаматтық келісімге» дауыс берген, осы арқылы партия 64 мандатқа қол жеткізген. Өз кезегінде «Күшті Армения 23,27% дауыс алып, 29 мандатқа ие болды, «Армения» 9,92%-дық дауыспен 12 мандаттың иесі атанды.

Осылайша, еуроинтеграцияға бағытталған Пашинян партиясы жаңа үкіметті жалғыз өзі құруға мүмкіндік алады.

Орталық сайлау комиссиясы «Кәсіпкер Гагик Царукянның «Гүлденген Армения» партиясы, сайлауға қатысқан қалған 14 саяси күш сияқты, 3,9893% дауыспен парламентке өту үшін керекті 4 пайыздық кедергіні бұза алған жоқ» деп мәлімдеді.

Соңғы қорытынды нәтиже жарияланғаннан кейін Никол Пашинян алдағы мақсат елді жемқорлардан тазарту болатынын айтты.

«Оппозициялық партияларға келсек, сайлаушыларды сатып алмаса, олардың бірде-бірі парламенттің табалдырығынан аттай алмаған болар еді», – деді ол.

Ұлттық жиналыстың вице-спикері Рубен Рубинян одан да қатты кетіп, елдегі сайлау қорытындысына күмән келтіріп, қайта санақ жүргіздірген оппозициялық күщтердің бірде-біріне депутаттық мандат берілмеуі тиіс екенін баяндады. Ол оппозициялық партиялар өз еріктерімен тарап кетулері керек деп есептейді.

«Біз сайлаушыларға пара таратумен айналысып кеткендігінен, әу басынан бұл күштерді тіркелуден шығарып тастау керек деп есептегенбіз», – деді ол.

Таңбалар: АрменияНикол Пашинянсайлау қорытындысы

Ұқсас мақалалар

Тоқаев Пашинянды Армения премьері болып қайта сайлануымен құттықтады
Жаңалықтар

Тоқаев Пашинянды Армения премьері болып қайта сайлануымен құттықтады

04.08.2026
Парасат парқындағы Пашинян
Көзқарас

Парасат парқындағы Пашинян

02.08.2026
Армения премьер-министрі аяқ астынан неге Мәскеуге сапар бастады?
Жаңалықтар

Армения премьер-министрі аяқ астынан неге Мәскеуге сапар бастады?

07.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist