18 Қазан, 02:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Дағыстанды басқарған қазақ азаматы отставкаға жіберілді

5 Қазан 2020 21:21
- Жаңалықтар, Тіршілік
Дағыстанды басқарған қазақ азаматы отставкаға жіберілді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МАХАЧҚАЛА. 5 қазан. Бүгін Ресей Федерациясының Дағыстан республикасын басқарған  Владимир Васильев отставкаға кетті. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады.

Ресей президенті Владимир Путин Дағыстанның басшысы міндетін уақытша атқарушы етіп сенатор Сергей Меликовті тағайындады.

Владимир Васильев Ресей президентінің кеңесшісі болып бекітіліп, Мәскеуге қайта оралды.

Ол Тау республикасын 2017 жылғы 3 қазанда басшысының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалған  кезден бері басқарып келді. 2018 жылғы 9 қыркүйекте Дағыстан халық жиыны оны республика басшысы етіп сайлады.

«Сіз, әсіресе, осы бір күрделі кезеңде, республиканың дамуы үшін көп нәрсе жасадыңыз. Көп нәрсені өз мойныңызға алудан қорықпадыңыз, борышыңызды лайықты атқардыңыз», – деді Путин Меликовпен және Васильевпен онлайн-кездесу кезінде.

БАҚ-тар Васильевтің мерзімінен бұрын уәкілеттігін қойғысы келіп жүргені туралы қыркүйек айында жаза бастап еді. Бұған себеп ретінде ол жасының ұлғайғаны (тамыз айында ол 71-ге толды) мен «денсаулық жағдайында белгілі бір проблемалар бар екенін» атап көрсеттті.

Владимир Әбдуәліұлы Васильев 1949 жылы 11 тамызда Мәскеу түбіндегі Клин қаласында туған. Туған кездегі аты-жөні Алик Әбдуәліұлы Асанбаев екен. Оның әкесі – қазақ, анасы – орыс. Кейін қазақша тегімен Ресей жерінде қызмет сатысымен өсе алмайтын болған соң, анасының фамилиясын алған. Аликтің өзінен үлкен Юрий және Станислав деген деген екі ағасы болған.

Таңбалар: Владимир ВасильевДағыстан

Ұқсас мақалалар

Дағыстанда белгісіз біреулер полицейлерді атып, храм мен синагоганы өртеді
Жаңалықтар

Дағыстанда белгісіз біреулер полицейлерді атып, храм мен синагоганы өртеді

23.06.2024
Дағыстанда мобилизацияға қарсы жұрт күре жолды жауып тастады
Жаңалықтар

Дағыстанда мобилизацияға қарсы жұрт күре жолды жауып тастады

25.09.2022
Дағыстанда оқушы қыз жиында «Путин – шайтан» деді
Жаңалықтар

Дағыстанда оқушы қыз жиында «Путин – шайтан» деді

23.05.2022
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist